Күңгірт-қоңыр теңбіл немесе дақ.Қоздырғышы –Вipolaris sorokinianaSacc. Арпаның барлық мүшелерін залалдайды.Жапырақтарда ауру белгілері дөңгелектеу немесе сопақтау келген, немесе ұзынырақ қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Бұл саңырауқұлақ дәнек қауыздарының қараюы және тамыр шірігі ауруларының қоздырушысының бірі. Ауа-райы ылғалды болса,немесе кеселге шалдыққан өсімдік мүшелерін ылғалды ортада ұстасақ, оларды саңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын күңгірт- жасыл, немесе сұрғылт өңез басады. Конидия сағақтарыжапырақ саңылаушаларынантопталып шығады, олар 3-5 көлденең пердемен бөлінген, тұрқы түзу немесе сәл иілген. Конидиялар эллипс немесе түйрегіш тәріздес, ашық- қоңыр, күңгірт-зәйтүнреңді, 2-3-тен 5-7-ге дей»н көлденең перделермен бөлінген. Мөлшері табиғи аймақтар мен қоректік ортаға байланысты 20-30– 80-100х15- 30 мкм аралығында ауытқиды.Ауруарпа өсірілетін барлық аймақтарда кездеседі, әсіресе жаңбыр мол жылдары айтарлықтай дамиды. Оның дамуына ауаның салыстырмалы ылғалдылығы е жоғары (90-100 %), температура– 20-250С аралығында болуы қолайлы. Қоздырғыш талғампаз емес, мәдени және жабайы астық тұқымдастардың біраз түрлерін залалдайды, әсіресе оған арпа мен қатты бидай аса бейім. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарымен қатар топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралады.
Торлы дақ немесе теңбіл.Қоздырушысы–Drechslera teres Shoem.(син.: Helminthoporium teres Sacc.).Жапырақтардареңі қоңырқай, күңгірт-қоңыр келетін, анық байқала бермейтін сарғылт немесе бозғылт жиекпен көмкерілген сопақтау, немесеұзынырақжіңішке дақтарпайда болады. Онынақты ажырататын ерекше белгі – дақты бойлай және көлденең орналасқан торлы сызықшалар анық байқалмайды.Дақтар бүкіл жапырақ тақтасын алып жатқанымен, олар бір-біріне қосылмайды, ұзындығы 2-3 см, көлденеңі – 2-3 мм аспайды.Саңырақұлақ жапырақтардың теңбілденуімен қатар, арпа дәнегі қауызының қараюының негізгі себепшісі. Бұл ауру еліміздің көпшілік өңірлерінде, әсіресе солтүстік пен шығыста кең таралған. Ауаның ылғалдылығы жоғары болса, немесе жаңбырдан кейін дақтардың үстінде саңырауқұлақмицелийлерімен споралану мүшелері түзіледі. Конидиялардың тұрқы цилиндр тәріздес, реңі түссіз, немесе сарғылт, ашық-қоңыр, 2-3-тен 7-11-ге дейін көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 30-40-100-155 х 10-25 мкм аралығында. Ауру қоздырушысыHordeumтуысына жататын жабайы және мәдени арпа түрлерімен қатар, Agropyron, Bromus, Elymusжәнедебасқа астық тұқымдастарды залалдайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады және тұқым арқылы да таралады.