Астық тұқымдастардың ақшыл-жасыл ергежейленуі.Қоздырғышы микоплазма. Негізгі белгілері өсімдіктер түтіктене бастаған кезде анық байқалады.Ауруға қатты шалдыққан бидайдың бойы өспей ергежейленеді, көпшілік жағдайда масақтанбай опат болады.Инфекцияны тасымалдаушыLaodelphax striatellus Fall.цикадасы. Вирус күздік бидайда қыстап шығады, көктемде жаздық дәнді дақылдармен қатар, итқонақты және астық тұқымдастарды залалдайды.
Студенттедің білімін тексеруге арналған сұрақтар
Бидай мен қарабидай қаракүйе ауруларының қандай түрлеріне шалдығады,олардың бір-бірінен ерекшелігі, қоздырғыштары қалай жіктеледі?
Күздік бидайда ғана кездесетін қаракүйе түрі, оның қоздырғышының биологиялық ерекшеліктері?
Жаздық және күздік бидай тат ауруларының қандай түрлерінешалдығады, олардың республика аумағында таралу ерекшеліктері қандай?
Толық және қысқарған айналыммен дамитынтат түрлері, даму кезеңдері қалай алмасады? Сабақ татының толық тіршілік айналымына тоқтал. Маманданған форма дегеніміз не? Не себептен бидайдың сабақ таты арпаны залалдамайды?
Ақұнтақ ауруының ерекшеліктеріне, оның қоздырғышының жіктелуіне тоқтал? Жаз бойы ол қай сатыда дамиды, қалталы сатысы не үшін қажет?
Бидайда септориоз ауруларының қандай түрлері жиі кездеседі, олардың бір-бірінен айырмашылығы менқоздырғыштарының жіктелуі? Инфекция қайда сақталады, не себепті минималды және нөлдік технологиялар бұл аурудың таралуы мен дамуына қолайлы басым келеді?
Сары теңбіл немесе пиренофороз ауруы өсімдіктің қай мүшелерінде байқалады? Оны септориоздан қалай ажыратуға болады? Ауру қоздырғышының жіктелуі және биологиялық ерекшеліктеріне тоқтал?
Бидайдың тамыр шірігі ауруларының белгілері мен қоздырғыштары жайлы не білесің? Солтүстік өңірде тамыр шірігінің қай түрлері басым келеді?Күздік бидайда оның қай түрлері кездеседі?
Бидай дәнегінің қараұрығының қоздырушалары және олардың жіктелуімен патогендік қасиеттеріне тоқтал? Гельминтоспориозды, альтернариоздыжәне фузариозды тмыр шіріктерін бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Энзимді-микозды дән ағуының себептері неге байланысты? Тұқым не себепті зеңденеді, оның негізгі себепкерлеріқандай саңырауқұлақтар ?
Бидайдың бактериялар мен вирустар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері мен инфекцияларының тасымалдану және сақталу жолдарына ттоқтал?
Бидайдың карантинді нысанға жататын қандай ауруларын білесің? Олардың инфекциясы қалай таралады Республика аумағына карантинді аурулардың кездейсоқ таралуына жол бермеу үшін не істеу қажет?