Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Аурулардан қорғау шаралары



бет75/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Аурулардан қорғау шаралары.Жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында ауру қоздырғыштарының инфекциясы қордаланбауүшін күнбағысты бұрынғы егілген жерге 5-7 жылдан кейін ғана қайтару. Фитосанитарлық тұрғыдан тиімді алғы дақылдарға астық тұқымдастар жатады. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды теңестіре қолдану, азотты фосфор және калийдің қажет мөлшерімен толықтыру. Себуге ауру қоздырғыштарынан таза, сұрыпталған тұқымды пайдалану, оны қолайлы мерзім мен мөлшерде себу (1 гектарға 30-40 мың). Зеңдену, пероноспороз, шірік және т.б. инфекциялардан қорғау үшін тұқымды себер алдында апрон 350 с.э. (3,0 л/т), витацит к.э. (2 л/т), максим ХL (5 л/т), прессинг 34 с.к. (3,0 л/т),ТМТД, 40% с. к.с. (3-4 л/т), фундазол, 50 % с.ұ. (3 кг/т) препараттарының бірімен ылғалдандыра ( 1тоннға 10-12 л су) дәрілеу. Жалған ақұнтақ,тат, фомоз, альтернариоз ауруларынақарсы егісті пиктор 40 % к.с. (0,4-0,5 л/га)фунгицидімен, ақ және сұр шіріктерді тежеу үшінровраль ФЛО-мен 1-2 рет бүрку қажет. Бірінші фунгицидтің күту мерзімі 30, екіншісінікі- 20 тәулікті құрайды.Сұр және ақ шірік ауруларының дамуын тежеу үшін күнбағыс гүлдеген 40-45 тәуліктенкейінегісті магний хлоратымен(2 л/ га) бүрку арқылы десикация жүргізген жөн. Бұлшара - жапырақтар мен сабақтарды біртіндеп қуратып, дәннің біркелкі пісіп-жетілуі және мезгілінде жиын-терін жүргізу үшін қажет.

Рапс пен қышының аурулары
Бұл дақылдарда саңырауқұлақтар қоздыратын бірнеше аурулар кездесуі мүмкін.
Ақ тат.Қоздырғышы– OomycotaкласыныңПероноспоралылар қатарына жататын Albugo candida Kuntze. Ауру белгілері жапырақтар мен сабақтардатабұршаққындарда ақшыл дақтар ретінде байқалады, кейінірек олар бір-бірімен ұласып,ақұнтақ тәріздес қабыршыққа айналады. Саңырауқұлақ ооспораларының күңгірт-қоңыр, пішінідөңгелектеу, көлденеңі30-50 мкм, ауруға шалдыққан өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.Рапспен қатар айшықты гүлділер туысына жататын біраз өсімдіктүрлерін залалдайды.
Альтернариоз.Қоздырғышы– Deuteromycota класының Мониялыларқатарының өкіліAlternaria brassicola Wilts.Ауруға жас өскіндер шалдығуы мүмкін,жарнақ жапырақтарда жолақтар немесе дақтар байқалады. Өсімдіктердің сабақтары мен бұршаққындарында саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратынкүңгірт-зәйтүн өңез түзіледі. Конидиялар алмұрт тәріздес, көлденең және тік перделермен бөлінген, мөлшері 80-130х 8-10 мкм, олардың қысқалау мойыншасы бар. Ауруға шалдыққан тұқымдар шөпектеніп, өнгіштігі төмендейді. Қырыққабат және басқа айшық гүлділер тұқымдасына жататын мәдени және жабай өсімдіктерді залалдайды.Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады және тұқым арқылы да таралады.
Фомоз. Қоздырғышы – Deuteromycota Phoma lingam Tode. Desm. Айшық гүлділер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктерді залалдайды. Жарнақ және нағыз жапырақтарда, тамыр мойынында қоңырқай жайылған, ал сабақтар мен бұшаққындарда жиектелген ашық-қоңыр дақтар байқалады. Олардың ортасында көлденеңі 1 мм-ге дейін жететін топтасқан пикнидалар түзіледі. Конидиялар эллипс тәріздес, сәл иілген, мөлшері 4-6х1,5-2 мкм. Аурудың дамуынаауатемпературасы 20-250 С аралығында, ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Инфекция өсімдік қалдықтарында және тұқымда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет