Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Эмбелиция (гельминтоспориоз)



бет74/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Эмбелиция (гельминтоспориоз).Қоздырғышы–Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынEmbelisia helianthi Pidopl. Ауру белгілері жапырақтарда сарғылт сақинамен жиектелген күңгірт-қоңыр,сабақтарда созылыңқын қара дақтар ретінде байқалады, ортасында қара нүктелер – пикнидалар орналасқан.Гүл желегі мен күлтежапырақшаларда дөңгелек немесе сопақтау дақтар түзіледі. Саңырауқұлақ конидияларыашық-қоңыр, 3-7 көлденең пердемен бөлінген, шеткі жасушалары жұмырлау, мөлшері 40-110 х 13-28 мкм.
Фомопсис.Қоздырғышы–Phomopsis helianthi Munt. et Cvet. Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарынан.Бұл ауру карантинді нысанға жатады. Қазақстанмен шектесіп жатқанРесейдің біраз аймақтарында таралған. Оның белгілері күнбағыстың барлық мүшелерінде байқалады.Өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде төменгі жапырақтар ұшында бұрышталған ірі қоңырқай дақтар түзіледі. Су жүргізетін түтікшелердің бітелуінен орталық жүйкелер күңгірт-қоңыр тартып, жапырақтар күйген тәріздес болады.Жапырақ сағақтары мен сабақтарда ұзындығы 15-20 см-ге дейін жететін сопақтау дақтар байқалады,кейінірек олар ақшыл тартып, ортасы күлгін реңге боялады. Өсімдіктер тургорын жоғалтып, солып курай бастайды, жел тұрғанда сабақтаропырылып, сынғыш келеді, өртенгендей көрінеді.Себеттерде суланған қоңырқай дақтар байқалады, пістелер сұрғылт тартып, үгітілгіш келеді. Ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерінде, әсіресе сабақ пен себет қуыстарында,ауру қоздырғышыныңкөлденеңі 120-190 ммн пикнидалары, ішінде мөлшері 17-42х0,5-2 мкм конидиялар түзіледі.Аурудың дамуына 23-270 С аралығындағы температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% және одан жоғары болғаны қолайлы Өсімдік қалдықтарында ауру қоздырғышының қалталы сатысы, мөлшері 290-430 мкм,пішіні домалақтау перитецийлер түзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, ауа ағыны мен жаңбыр арқылы біраз қашықтыққа таралуы мүмкін. Жабайы күнбағыс және күрделі гүлділер тұқымдасына жататын қалуен және т.б. арамшөптерде қордалануы мүмкін.
Жапырақтардың алапестенуі. Қоздырғышы–Tobaccо mosaic virus. Негізгі ие-өсімдік темекі, онымен қатар қызанақ, қытайбұршақ, күнбағыс және т.б. көптеген өсімдік түрлерін залалдайды. Аурудың негізгі белгілері – жапырақ тақтасында күңгірт-жасыл мен сарғылт реңнің алмасуы, себеттердің сырт пішіні өзгеріп, жыныс мүшелерінің қалыпты жағдайдан ауытқуы.Инфекция меңдуанада сақталуы мүмкін, дөңгелек құрттар таратады деген мәлімет бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет