Қорғау шаралары. Тұқымды зеңдену, альтернариоз, фомоз және т.б. аурулардан айықтыру үшінсебер алдындаТМТД, 40% с.к.с. (3-4 л/т), дерозал 50 к.с.(2,0-2,5 л/т), круйзер (12 л/т)препараттарының бірімен дәрілеу қажет. Соңғы препарат 15-20 тәулікке дейін өскіндерді зиянкестерден қорғайды. Тұқымға арналғанегістерде альтернариоз және басқа аурулардың өршу қатері байқалсаимпакт 25%с. к. (0,5л/га), пиктор,40%с. к.(0,4-0,5л/га), фолмексм. э.с. ( 0,5 л/га)фунгицидтерінің бірін қолданған жөн.
Мақсарының аурулары
Құрғақшылыққа өте төзімді дақыл ретінде мақсары ылғал аз мөлшерде түсетін шөлейт және қуаң дала аймақтарында егілетіндіктен, саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларсирегірек кездеседі. Сол себептен бұл дақылда олардың түр құрамы көп емес: тат ауруының екі түрі, қоңырқай теңбіл мен аскохитоз және альтернариоз таралған.
Тат.Basydiomycota класының Урединиялылар қатарына жататынауру қоздырғышының екі түрі Puccinia carthami Corda.және P. jaczewskii Trop.кездесуімүмкін. Біріншісі бір иелі саңырауқұлақ, урединий және телий сатылары мақсарыда дамиды. Ауру белгілері жапырақтардың екі жағында шашыраңқы орналасқан дөңгелектеу,қоңырқайурединийлер ретінде байқалады. Жаз бойы саңырауқұлақ бірнешеұрпақбереді, ол аурудың егіске тез таралуын қамтамасыз етеді. Урединиоспоралардыңреңі ашық-коңыр, пішіні дөңгелектеу, мөлшері 22-27х16-22 мкм. Өсімдіктердің өсу кезеңінің соңына қарай телиоспоралар түзілуіне байланысты күлдіреуіктер қараяды. Өсімдік қалдықтарында қыстап шыққан телиоспоралар жазғытұрым өніп, мақсары жапырақтарын залалдайды. Тат ауруының екінші түрі жапырақтарда жиектерінекроздалған,ені 1 см жететін кіріңкі дақтар ретінде байқалады. Кейінірек беткі қабықшасы қақырап, ұлпалардың бетінде қара-қоңыр телийлер көрінеді.
Жалған ақұнтақ.Қоздырушысы–Bremia lactucae LegelOomycota класының Пероноспоралылар қатарына жатады. Ауруға шалдыққан жапырақтардақоңырқай немесе сарғылтжайылған дақтар байқалады. Жаңбырдан кейің немесе ауа ылғалдылығы жоғары болсаолардың үстіндесұрғылт өңез пайда болады. Конидиялардың үстінде шағын бүршіктері бар, мөлшері 16-27х13-21 мкм.Жаз бойы ауру қоздырғышы конидия сатысында дамиды.Кейінірек сарғылт- қоңыр қабықшамен көмкерілген,пішіні шар тәріздес, көлденеңі 25-40 мкм, сүйел сияқтыооспоралар түзіледі. Олар ауруға шалдыққан өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.
Ақұнтақ. Қоздырғышы– Ascomycota класының Эризифалылар қатарына жататынLevellula taurica Arn.Ауру белгілері жапырақтарда тор тәріздес селдір, біртіндеп тығыздалып,сұрғылт тартатынақшыл өңез ретінде байқалады. Жаз бойы саңырауқұлақ конидия сатысында дамып, бірнеше ұрпақ береді, олар аурудың егіске таралын қамтамасыз етеді. Конидиялар цилиндр тәріздес, екі ұшы жұмырлау, мөлшері 50-68х14-20 мкм.Өсімдіктер өсуінің соңына қарай мицелий шоғырында көптеген жеміс денелері –клейстотецийлер түзіледі. Олар қыстап шығып, пісіп жетілген аскоспоралар жапырақтарды залалдайды.