Полиспороз немесе сабақтың опырылғыштығы.Қоздырғышы –Deuteromycotaкласының Меланкониялылар қатарының өкіліKabatiella lini Karak. Ауру белгілері өсімдіктердің барлық мүшелерінде байқалады. Жарнақ жапырақтарда жиектелген қоңырқай дақтар пайда болады,сабақтың тамырмен түйіскен бөлігі жіңішкеріп, өскіндер солып, опат болады.Нағыз жапырақтардың сабақпен түйіскен тұсында және сабақтарда қоңырқай дақтар байқалады. Жаз соңына қарай ауру өрши түседі.Сабақтар, гүл қауашақтары мен жапырақ сағақтарында пайда болатын ойыс дақтардасаңырауқұлақтың споралану мүшелері– конидиялар түзіледі. Олардыңпішіні әр түрлі келеді, мөлшері 9-20х4-5 мкм . Аурудың айтарлықтай дамуына ылғал мол, температура 17-230 С аралығында болғаны қолайлы. Қолайсыз жағдай қалыптасса саңырауқұлақ мицелийлеріхламидоспораларға бөлшектенеді. Олар шірімеген өсімдік қалдықтарындажәне топырақта қыстап шығады.Инфекция тұқымда да сақталады, тіршілік қабілетін 2-3 жылға дейін жоймайды.
Кладоспориоз.Қоздырғышы–Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынCladosporium linicolaPidopl. et Den.Ауру жайлаған зығыр қауашақтары ментұқымдарын саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын қүңгірт-жасыл өңез басады. Конидиялар зәйтүнреңді, эллипс тәріздес, мөлшері 6-15х4-6 мкм. Залалданған дәннің тауарлықсапасы, ал тұқымның өнгіштігі төмендейді. Инфекция өсімдік қалдықтарында және тұқымда сақталады.
Антракноз. Қоздырғышы – Deuteromycotaкласының меланкониялылар қатарына жататынColletotrichum lini Manns et Boll. Ауру белгілері өсімдіктердің барлық өсу кезеңдерінде байқалады. Жаңа шығып келе жатқан өскіндердің жарнақ жапырақтары мен сағақтарында шұңғылқызғылт-сарыдақтар, сабақтар мен тамыр мойынында сызат жарақаттар пайда болып, оларжіңішкереді. Нағыз жапырақтар тат тәріздес сарғылт-қоңырдақтардантез қурап, түсіп қалады. Сабақтарда ұсақ мәрмәр дақтар байқалады, қауашақтар қоңырқай тартады, оларда споралартұғыры байқалады. Конидиялар цилиндр тәріздес, түзу, немесе сәл иілген, мөлшері 14-21х3-6 мкм. Аурудың дамуына 18-250С аралығындағы температура, ауаның ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Инфекция мицелийлер және хламидоспоралар ретінде өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады, тұқымда 3-4 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.
Фомоз.Қоздырушысы –Phoma exigua Desm. f. linicola Maas.Deuteromycota класының Сферопсидалылар қатарына жатады. Ауру белгілері фузариозды солуға ұқсас. Алдымен тамыр мойынында қоңырқай созыңқы дақтарбайқалады, сабақтардың орта тұсы ақшыл тартыпжөкеленеді, оларда күңгірт-қоңыр немесе қара нүктелер –өсімдік ұлпасында терең орналасқанпикнидалар түзіледі. Олардыңкөлденеңі 110-120 мкм, өсімдік. Конидиялар цилиндр немесе эллипс тәріздес, екі ұшы жұмырлау, мөлшері 5-7мкм. Кеселге шалдыққан тұқымның салмағы мен өнгіштігі төмендейді.Инфекция өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.
Альтернариоз.Қоздырғышы –Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынAlternaria linicola Neerg. Жас өскіндердің тамырлары мен сабақпен түйісетін мойыны қоңырқай тартып, дақтарда күңгірт-жасыл өңез түзіледі. Тұқым байланып, толысу және жиын-терін кезінде жаңбыр жиі жауып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болған жылдарыауру айтарлықтай дамиды. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.