Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Фузариозды және вертициллезді тамыр шірулері



бет80/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Фузариозды және вертициллезді тамыр шірулері.Қоздырғыштары Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарының өкілдері Fusarium oxysporum Snyd.et Hans. жәнеVerticillium albo-atrum Rke et Berth. Ауру белгілері жас өскіндерде байқалып, өсімдіктердің өсу кезеңінде жалғасады. Сабақтар сарғылт немесе қоңырқай тартады, тамырлар шіріп, сұрғылттанады, топырақтан оңай жұлынады. Залалданған өсімдіктер гүлдемеуі мүмкін, немесе қауашақтарында дән аз түзіледі, салмағы жеңіл келеді. Аурудың дамуына 20-270С аралығындағытемпература, топырақ ылғалдылығы жоғары болғанықолайлы. Вертициллезды солуға шалдыққан өсімдіктердің су жүргізетін түтікшелері бітелетіндіктен жапырақтар мезгілінен ерте сарғайып, қурайды, сабақтары сұрғылт тартады. Ауру жайлаған өсімдік мүшелерінде саңырауқұлақтың сұрғылт мицелийлері мен споралану мүшелері түзіледі. Конидиялар 2-3 көлденең пердемен бөлінген, немесе бір жасушалы, мөлшері 6-12х2-3 мкм, сағақтары күлтеленген.Олар өсімдік қалдықтарында, хламидоспоралар топырақта 5-7 жылға дейінсақталады.
Қорғау шаралары.Ауру қоздырғыштарының біразы өсімдік қалдықтары мен топырақта ұзақ уақыт сақталатындықтан, дақылды бұрынғы орнына, кем дегенде 3-4 жылдан кейін қайта себуге болады. Фитосанитарлық тұрғыдан зығыр үшін бидай, арпа, сұлы және т.б. жақсы алғы дақыл болып саналады. Көпшілік аурулардың инфекциясы тұқымда сақталатындықтан оны себер алдында витавакс 200 ҒҒ ( 1,5-2 л/т), немесе ТМТД (2-3 кг/т) препаратының бірімендәрілеу қажет. Салмағы бойынша іріктелген тұқымды қолайлы мерзімде және мөлшерде сепкен жөн. Тат, септориоз, антракноз және т.б. аурулар белең алса, егісті оптимо 20% э.к. фунгицидімен (0,5-0,6 л/га) 1-2 рет бүрку қажет.

Студенттердің алған білімен тексеруге арналған бақылау сұрақтар7


Күнбағыстың саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің? Олардың қоздырушылары қалай класқа жатады?
Күнбағыстың пероноспороз ауруларының негізгі белгілеріне тоқтал, оның инфекциясы қайда сақталады және қалай таралады?
Күнбағыстың ақ және сұр шіріктерінің негізгі белгілері, олардың дамуына қандай ауа-райы қолайлы келеді, инфекциялары қайда сақталады?
Күнбағыстың фомопсисін басқа ауралардан қалай ажыратуға болады? Бұл ауру еліміздің аумағына енген жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Мақсарыны4 саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың жіктелуі?
Мақсары татының тіршілік кезеңдеріне тоқтал? Ол бір иелі ме немесе әр иелі саңырауқұлақ па?
Зығырда саңырауқұлақтар қоздыратын қандай аурулар кездеседі? Олардың қоздырғыштарының жіктелуі? Пасмо, фомоз және антракноз ауруларынбір-бірінен қалай ажыратуға болады? Тат ауруының даму кезеңі, оның оздырушысы біриелі ме немесе әриелі ме?
Саңырауқұлақтар инфекциясынан айықтыру үшінмайлы дақылдар тұқымын дәрілеуге қандай препараттар қолданылады?
Күнбағыс егісінде сұр және басқа шіріктердің таралуы мен дамуын бәсеңдету үшін қандай шаралар қолданылады? Оларға қарсы қандай фунгицид қолданылады?
Күнбағыс пен зығырдың жаңбыр тамшылары арқылы таралатын ауруларына қарсы қолдану үшін қандай фунгицидтер тіркелген?


17-сурет. Күнбағыстың сұр шірігі

18- сурет. Күнбағыс жапырақтарының қарайып қурауы және альтернариозды теңбілі

19-сурет. Мақсары жапырақтарының таты және фомозы

20-сурет. Мақсары тұқымының альтернариозы 21-сурет. Қант қызылшасының
церкоспорозы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет