Инфекциясы ауа ағыны арқылы таралатын аурулар Еліміздің солтүстік пен щығыс өңірлерінде егілетін жаздық бидайдың аса кең таралған және зиянды ауруларына жапырақ таты мен септориоз және сары теңбіл немес пиренофороз жатады.Сабақ татының да зияндылығы өте жоғары,ауру қоздырғышының аса вирулентті - Ug99 деп аталатын жаңа нәсілі пайда болуына байланыстыбүкіл дүние жүзінің азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер арта түсуде. Орманды-дала және онымен шектесіп жатқан дала аймақтарында сұлы егістерінде кей жылдары тәжді тат айтарлықтай дамиды. Оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірлерде егілетін күздік бидай егістері үшін сары татпен қатар септориоз және сары теңбіл, суармалы жерлерде ақ ұнтақ біраз қауіп төндіреді. Арпа егілетін барлық аймақтарда гельминтоспориозды дақтардың 2-3 түрінен, солтүстік өңірде сабақ татынан, ал күріш егістеріне пирикуляриоздан төнетін қауып-қатер бар.
Күздік және жаздық бидай егістерін бір-бірінен алшақтау.Солтүстік өңірде сабақ және жапырақ таттарының инфекциялары урединиомицелий ретінде күздік бидай мен қарабидай егістерінде қыстап шығып, біртіндеп жаздық бидайға таралады. Сабақ татының қарабидайға маманданған түршесі осы дақылдың егісінде сақталады, жаздың екінші жартысында арпағажұқпйады. Алматы облысының таулы аймағанда күздік бидай тамыз айының екінші және үшінші онқүндіктерінде егіледі.Өткен жылы егілген күздікосы мерзімде пісіп, жиын-терін кезінде ұшқан споралар қыркүйектің екінші жартысында жаңа шыққан өскіндерді залалдап,ауру қоздырғышы урединиомицелий ретінде күздікте сақталады. Солтүстік пен қатар шығыс өңірлерде ақұнтақ ауруының инфекциясы күздік бидай мен қарабидай егістерінде мицелий шоғырлары күйінде қыстап шығып, одан жаздық егістерге таралады. Оңтүстік пен оңтүстік шығыс аймақтарда көбінесе жатағын бидайықтан арпаға жұғады. Осыған байланысты тат және ақұнтақ ауруларының дамуын шектеу үшін дәнді дақылдардың күздік және жаздық егістерін бір-бірінен 2-3 шақырымдайалшақ орналастырған дұрыс.
Алғыдақылдар, тыңайтқыш қолдану, себу мерзімі мен мөлшері.Ауру қоздырғышының инфекциясы жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында қыстап шығатын бидайдың септориоз бен сары-теңбіл (пиренофороз), арпаның гельминтоспориоздары мен ринхоспориозы, күріштің пирикуляриозы және т.б. аурулардың таралып, дамуына алғы дақылдар айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, оңтүстік-шығыс өңірде жоңышқа және т.б. көпжылдық шөп қыртысына, қытайбұршақ немесе қызылшадан кейін егілген қүздік бидай егісінде септориоз бен сары теңбіл аурулары кеш байқалып,даму екпінділігі төмен болады. Осындай жағдай солтүстік және шығыс өңірлерде жаздық бидай мен арпа егістерінде де байқалады. Мәселен, алмаспалы егіс жүйесінде асбұршақтан кейін егілген бидай егісіндежалау жапырақ кезеңінде септориоз ауруының дамуы5-10%- дан аспаса, үздіксіз егісте немесе сүріден кейінгі 2 және3- танаптарда 25-50%-ға жетеді. Жаздық бидайдан кейін егілген арпа егістерінде гельминтоспориоз және ринхоспориоз аурулары кешірек байқалып, баяуырақ дамиды. Бірақта алғы дақыл инфекциясы ауа ағысымен таралатын тат ауруларының таралуына айтарлықтай әсер етпейді.
Органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану тат ауруларының дамуын біраз төмендетеді. Азот біржақты қолданылса өсімдіктер қаулап өсіп, нәтижесінде олардың ауруларғабейімділігі артады.Супефосфат қолданылған жағдайда дәнді дақылдардың өсу мерзіміқысқарып, ертерек пісетіндіктен, ауру қоздырғыштары түсімділікке айтарлықтай теріс әсер етпейді . Ол, әсіресе, дәнді дақылдар масақтанып, дән балауызданып пісу мерзімінде, ылғал шамадан мол түсіп, олардың өсу мерзімі созылатын жылдары тиімді. Азот,фосфор және калий тыңайтқыштары бір-бірімен теңестіріле қолданылса өсімдіктердің ауруларға беріктігі нығаяды.
Өсімдіктердің ауруларға беріктігін арттыруда микроэлементтердің атқаратын рөлі зор. Олар өте аз мөлшерде жұмсалатынына қарамастан, көптеген ферменттердің құрамына кіретіндіктен, өсімдік ұлпаларында өтетін физиологиялық үрдістердің екпінділігін бірнеше есе арттырады. Дәнді дақылдардың өсуімен көбею мүшелерінің түзілуінемырыш, марганец пен мыс микроэлементтері өте қажет. Тұқымды себер алдындаоларменбаптаса (0,25-0,5 кг/т), өсімдіктердің ауруларға беріктігі біразартады. Микротыңайтқыштарды өсімдіктердің түптену кезеңінде гербицидтермен, немесе масақтану кезеңінде фунгицидтерменбірге қолдануға болады
Ауа ағысымен таралатын аурулардың таралуы мен дамуына егістің жиілігі мен биіктігі біраз әсер етеді. Тығыз(бір гектарға 4 -5 млн тұқым)және биік өскен егістерде тамшы ылғал ұзағырақ сақталатындықтан, ауру қоздырғыштарының споралары өніп, өсімдікті залалдауына қолайлы жағдай туады. Ылғал қоры жеткіліксіз жылдары егістің тығыздығы жоғары болса, өсімдіктердің бір-бірімен бәсекелесуінен ауруларға беріктігі төмендейді. Ерте егілген, сирегірек және аласа егістерде септориоз және инфекциясы бунақденелілермен таралатын вирус пен бактериялы аурулар жиірек кездеседі.Дәнді дақылдардың өсу кезеңінің бірінші жартысында ылғал жеткіліксіз, ал екіншісіндемол түскен жылдарытамшы ылғал немесе кеш егілген және тығыздығы төменірек егістерде ауа ағысымен таралатын аурулар басымырақ дамиды. Ылғал мол түскен жылдары олар алдымен ерте егілген, биіктігі мен тығыздығы жоғары егістерде, – орта және кеш себілген егістердекешеуілде таралғанмен, қарқынды дамиды. Соңғы жылдары солтүстік өңірде сабақ таты кешірек, көбінесе тамыз айының бірінші онкүндігінде байқалып жүр. Осы себептен бұл ауру қөбінесе кеш себілген және пісетін сорттарда көбірек дамиды.