Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Химиялық тәсілдің тиімділігі



бет55/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Химиялық тәсілдің тиімділігі.Дәнді дақылдар ауруларының дамуын тек агротехникалық және биологиялықтәсілдерді қолдану арқылы зиян келтірмейтін дәрежеге дей»н шектеукөпшілік жағдайда мүмкін емес.Топтық беріктік көрсететін сорттар өте сирек кездесетіндіктен ауа ағысы және тамшы ылғал арқылы таралатын аурулар эпифитотия деңгейіне дейін даму қатері жылдарыорасан зор шығынның алдын алу үшін химиялық шара, немесе фунгицидтер қолдануға тура келеді. Бұл мақсат үшін өткен ғасырдың 70-80 жылдары күрделі органикалық қосылыстардан тұратын,құрамында күкірт пен мырыш бар цинеб пен поликарбацин сияқты жанамалы әсерліфунгицидтер ұсынылған еді. Олардың қолдану мөлшері жоғары(1 гектарға5 кг) және тат ауруынан қорғау мерзімі 7-10 тәуліктен аспайтындықтан өсу кезеңіндебидай егісін2-3 рет бүрку қажет болған. Кейінірек бұл мақсат үшін триадимол, азол, флутриафол топтарына жататын жүйелі фунгицидтер ұсынылды. Көпшілігінің 1 гектарға шаққандағы қолдану мөлшері 0,1-0,5 литрден аспайды, демек ондаған есе төмен. Сонымен қатар, жүйелі болғандықтан олар өсімдіктерді ауру қоздырғыштарының инфекциясынан айықтыра алады және әсері 20-30 тәулікке дейін сақталады. Соңғы 20-30 жылда жүйелі фунгицидтер еліміздің астық өсіретін негізгі аймақтарында жан-жақты сынақтан өтіп, өндірісте кең қолданыла бастады. Олар бір немесе бірнеше әсерлі заттардан тұрады. Мәселен, тилт пропиконазолдан, альто ципроконазолдан тұратын болса, альтосупер ципроконазол+пропиконазол, фоликур ВТ – пропиконазол+ триадимефон сияқты екі, фалькон – тебуконазол+спиромаксин +триадименол сияқты үш әсерлі заттан тұрады. Құрамында 2-3 әсерлі зат бар фунгицидтер тат түрлерімен қатар, септориоз және басқа жапырақтар теңбілденуіне тиімділігі жоғары, аурулардан қорғау мерзімі ұзағырақ, олардың қоздырғыштары тез арада бейімделе алмайды.
Дәнді дақылдар егісін химиялық қорғауға біраз қаражат жұмсалады, фунгицид бір рет қолданылғанныңөзінде оның құнына байланысты 12-15-тен 20-30 АҚШ доллары жұмсалады. Сондықтан жүргізілетін шара тиімді болу үшін өсімдіктің өсу кезеңіндегі ауа-райы аурулардың, таралып қарқынды дамуына қолайлы ма немесе қолайсыз ба, соны білген жөн. Кеселден келетін шығын мөлшері өсімдіктердің залалдану мерзіміне, немесе оның қоздырғыштарының тоғышарлық тіршілігінің ұзақтығына байланысты. Еліміздің солтүстік өңірінде Көпжылдық зерттеу нәтижесіндемаусым және шілде айларындағы ауа-райы жағдайына байланысты аурулардың таралу және даму қарқындылығы, олардыңкелетін шығын мөлшері, химиялық шаранықолдану қажеттілігі анықталады ( 2 және 3 кестелер).
2-кесте Жаздық бидайдың жапырақ таты мен септориозға шалдығуының маусым мен шілденің ауа-райы арасындағы байланыс

Ауа-райының көрсеткіштері

Төмен

Орташа

жоғары

Маусым мен шілде айларында түскен ылғал мөлшері мм, көпжылдық деңгеймен салыстырғанда ( %)

< на 25-50

+5-10

> 25-50

Шілдедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (%)

<50-55

56-60

> 61-70

Маусым мен шілде айларында >1 мм артық ылғал түскен тәулік саны

5-7

8-12

13-20

Гидротермиялық коэффициент

0,3-0,5

0,6-0,8

0,9-1,5

Ауаның тәуліктік орташа температурасы , 0С

22-25

20-21

15-20

Сонымен қатар, жапырақтар мен сабақтардың тат және теңбілдену ауруларына шалдығу дәрежеслері өсімдіктің өсу кезеңіне байланысты ескерілуі қажет. Мәселен, жапырақ таты ерте, өсімдіктер сабақтана бастағанда, немесе жалау-жапырақ жайған кезде байқалып, аурудың даму деңгейі 1-5 %болса, қоздырғышының тоғышарлық тіршілігі 40- 50 тәулікке созылады, келетін шығын мөлшері 15-20% жетеді.Егер ауру – кешірек, гүлдену мен дән толыса бастағанда кезеңінде байқалса, бірінші көрсеткіш 20-25 тәулік, екіншісі -7-10% дан аспайды ( 3 және 4 кестелер)
3-кесте Дәнді дақылдардың өсу сатысы және түсімділігіне байланысты фунгицид қолдану қажеттілігін анықтайтын өсімдіктердің тат және септориоз ауруларынашалдығу көрсеткіштері

Ауру

Дақыл

Болжама түсімділік,
ц/га

Жапырақтар немесе сабақтардың өсу кезеңінде залалдануы

Болжама шығын мөлшері ,
ц/га

жалау жапырақ

масақтану

гүлдеу

Жапырақ таты

жаздық бидай

>15-20

1-5

5-10

10-25

>2,0-2,5

Сабақ таты

жаздық бидай, арпа

>15-20

0,1-1

1-5

1-5

>2,0-2,5

Сары тат

күздік бидай, арпа

>20-25

до 1

1-5

5-10

>3,0-3,5

Тәжді тат

Сұлы

>20-25

1-5

5-10

10-25

>3,0-3,5

Септориоз және т.б. теңбілдер

жаздық бидай

>15-20

1-5

5-10

25

>2,0-2,5

То же

күздік бидай

>20-25

1-5

10

25

>3,0-3,5

4-кесте.Жапырақ таты мен септориоз ауруларының даму ұзақтығымен жаздық бидай түсімділігінің төмендеуінің арасындағы байланыс



Көрсеткіштер

Аурулардың даму ұзақтығы, тәулік ( Х1 )

Дәннің сүттену кезеңіндегі аурудың болжама дамуы , %

жапырақ таты (Х2)

жапырақ таты және теңбілдері (Х3)

Корреляциякоэффициенті(r)

0,67

0,82

0,75

Коэффициенттің орташа қатесі(Sr)

0,17

0,13

0, 15

Регрессия теңдеуі (Y)

Y=0,49X1-2,0

Y=0,28 X2 – 0,9

Y=0,32X3+3,7

Теңдеудің орташа қатесі (Sb)

0,12

0,05

0,05

Сенім аралығы (Byx± t05sb)

0,49±0,12

0,32±0,10

0,28±0,10

Жаздық бидай егісінде септориоз бен жапырақ таты орташа дәрежеде дамыса(20-40%)фунгшицидқолданудан 1 гектарға шаққанда сақталатын өніммөлшері1-2, эпифитотия кезінде 5–6 центнерге жетеді.Күздік бидайда сары тат пен септориоз және сары теңбіл ерте таралып, қатты дамыған жылдары дақылдың түсімділігі 8-10 центнерге дейін төмендейді. Фунгицид дер кезінде қолданылып, тиімділігі жоғары болса, өнімнің сапасы төмендемейді, 1000 дәннің салмағы 7- 11%-ға дейін жоғарылайды.Соңғы жылдары физиологиялық белсенділігі жоғары, өсімдіктердің фотосинтез екпінділігіне тікелелей әсер ететін, жапырақтарды сарғайтпай, жасыл қалпында сақтау мерзімін ұзарататын стробрулин тобына жататын жүйелі фунгицидтер шығарылуда. Солтүстік өңірде осы топқа жататын абакус пен амистар-экстра фунгицидтері жан-жақты сынақтан өтті. Ауа-райының құрғақшылығына байланысты аурулар айтарлықтай дамымаған жылдардың өзінде егісті масақтану кезінде қолданғандаолар 2-3 центнер, ылғал мол жылдары тат пен септориоз орташа немесе қатты өршіген жағдайда 5-6 центнерге дейін қосымша өнім жиналады.
Төмендедәнді дақылдардың тамшы ылғал арқылы таралатын ауруларына қарсы республиканың әр түрлі аймақтарында танаптық және өндірістік сынақтан өтіп, кеңінен қолдануға ұсынылған фунгицидтер тізімі берілген.Аурулар ерте – дәнді дақылдар сабақтану-жалау жапырақ жаю кезеңінде байқалса 2, кешірек – масақтану-гүлдеу мезгілінде бір рет қолдану жеткілікті(5-кесте).
5-кесте.Астық дақылдарының тамшы ылғал арқылы таралатын ауруларына қарсы қолданылатын фунгицидтер

Фунгицидтер және олардың әсерлі
заттары

Тиімділігі, %



Дақыл және жұмсау мөлшері, л/га

Жиілігі *

бидай



арпа



сұлы, қара бидай

күріш




тат түрлері



жапы
рақ теңбілі




Абакус, 12,5 э. с. (пираклостробин+ эпоксиконазол)

+++

+++

1,0 -1,5

1,0 -1,5

-

-

«

Амистар-экстра, 280 % с.к. (азоксистробин+ципроконазол)

+++

++

0,5-0,75

0,5-0,75

-

-

1

Альто 400 SC, с.к.(ципроконазол)

+++

++

0,1-0,2

0,1-0,2

0,15-0,2

-

1-2

Альто-супер, 330 э. к. (пропиконазол + ципроконазол)

++++

++

0,4-0,5

0,4-0,5

-

-

1-2

Зенон аэро, э. к. (тебуконазол + триадимефон)

+++

++

0,75-1

0,75-1

-

-

1-2

Импакт 25 э. к. флутриафол

+++

++

0,5

0,5

-

0,75-1

1-2

Импакт супер с. к.(флутриафол + тебуконазол)

+++

++

0,5-0,7

0,5-0,7

-

-

1-2

Колосаль, 25 %(тебуконазол+триадимефон)

+++

++

0,5-0,75

0,5-0,75

-

0,75

1-2

Менара,410 э. к. (пропиконазол+ципроконазол)

+++

++

0,4-0,5

0,4-0,5

-

-

1-2

Оптимо, 20 э. к.(пироклостробин)

+++

++

0,6

0,6

-

-

1-2

Рекс- дуо 49,7% с. к. (эпоксиконазол+тиофанат-метил)

+++

++

0,3

-

-

0,3-0,4

1-2

Танго-дуо 33,4 э.с. (тридеморф+эпоксиконазол)

+++

++

0,6-0,7

0,6-0,7

-

-

1-2

Тилт, 250 к.э.(пропиконазол)

+++

+

0,5

0,5

0,5

-

1-2

Титул-дуо, 390 к.к.р.(пропиконазол+ тебуконазол)

+++

++

0,15-0,25

-

-

-

1-2

Фалькон 46 % э. к. (тебуконазол+спироксамин+триадименол)

+++

+++

0,4-0,6

0,4-0,6

-

-

1

Фоликур ВТ, 22,5 (тебуконазол+триадимефон)

+++

++

0,5-0,7

0,5-0,7

0,5-0,7

-

1-2

*- егістерді фунгицидтермен бүріккеннен кейінгі күту мерзімі 30 тәулік

Дәнді дақылдар егісін аурулардан қорғаудың тиімділігі химиялық шаралар кешенді қолданған жағдайда арта түседі. Мәселен, қаракүйе аурулары мен топырақ және шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатын инфекцияларға қарсыбидай мен арпа тұқымын себер алдында дәрілеу, ауа ағысы мен тамшы ылғал арқылы таралатын аурулар орташа немесе эпифитотия дәрежесіне дейін дамитын жылдары масақтану кезеңінде егісті фунгицидпен бүрку дер мезгілінде, талапқа сай жүргізілсе әр гектардан2-3 тен 7-11 центнерге дейін түсім сақталады. Дақылдарды аурулардан қорғау жұмыстарына кеткен шығын мөлшері 2-3 еседей ақталады.

Студенттер білімін тексеруге арналған сұрақтар .


Дәнді дақылдарды негізгі аурулардан қорғаудың кешенді жүйесініңнегізі және ол қандай шаралардан тұрады?
Ауру қоздырушылар инфекцияларының қандай таралу жолдарын білесің?
Тұқым арқылы таралатын дәнді дақылдардың негізгі ауру түрлеріне тоқтал, қаракүйе ауруларының қай түрлері тұқыммен қатар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталады?
Дәнді дақылдарды тұқым арқылы таралатын аурулардан қорғау үшін қандай шараларды қолдану қажет? Тұқым дәрілеуге арналған қандай препараттарды білесің? Олар химиялық құрамына байланысты қандай топтарға жіктеледі?
Дәнді дақылдардың қай ауруларының инфекциясы өсімдік қалдықтарында сақталады? Олардың таралуы мен дамуын шектеуде қандай шаралар негізгі рөл атқарады?
Ауыспалы және алмаспалы егістер жүйесінің фитосанитралық рөлі неге негізделген? Не себепті бидай мен арпа егістерінде қосжарнақты және астық тұқымдас - жүгері, тары, қарабидай сияқты дақылдардан кейін тамыр шірігі, септориоз, гельминтоспориоз және т.б. аурулардың дамуы бәсеңдейді?
Не себепті минималды және нөлдік технология қолданылған егістерде септориоз, гельминтоспориоз, ринхоспориоз аурулары басым келеді? Осыған байланысты қандай шараға көңіл бөлу қажет?
Дәнді дақылдардың қандай аурулары тамшы ылғал және ауа ағыны арқылы таралады және алғы дақыл оларға әсер етеді? Бұл аурулардан келетін шығынды төмендету үшін қандай шаралар қолданылуы қажет?
Дәнді дақылдардың қай ауруларыаса қатерлі санатына жатады? Олар эпифитотия дәрежесіне дейін дамитын болса не істеу керек?
Дәнді дақылдардыңтамшы ылғал және ауа ағынымен таралатын ауруларына қарсы қолданылатын қандай фунгицидтерді білесің, олар қандай топтарға жіктеледі? Фунгицидтерді өсімдітер өсуінің қай сатысындақолданған жөн, қанша рет қайталануы мүмкін, күтіу мерзімі қанша тәулік?
Дәнді дақылдардың бактериоздары мен вироздарының инфекциясы қалай таралады? Бұл олардың таралуы мен дамуын шектеу үшін қандай шаралар қолдану қажет?
Не себептен Экологиялық және экономикалық тиімділігі жоғарылығына қарамастан дәнді дақылдардың ауруға берік сорттары өндіріске кең көлемде ендірілмей отыр? Оларды шығару үшін не істеу кере?

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ





а б


в г

д е ж

1- суреттер топтамасы.Қаракүйе аурулары: бидайдың қатты және тозаңды(а, б ); арпаның тас немесе қатты және тозаңды(в, г ); жүгерінің тозаңды, толарсақ немесе көпіршіктенген (д, ж).





а б в
2- сурет. Сұлы (а) мен тарының (б) қаракүйелері, в- бидайдын үнділік қаракүйесі



а б в

г г д
3-сурттер топтамасы. Бидайдың қоңыр немесе жапырақ таты (а); сары таты (б) және сабақ таты (в, г); сұлының тәжді таты (д).



а б

в г
4- суреттер топтамасы. Қара күйе саңырауқұлағының телиоспоралары (а); тат саңырауқұлақтарының урединио және телиоспоралары (б, в, г)

а б в
5- сурет. Ақұнтақ ауруы бидай жапырақтары мен масағында



а б
6- сурет. Бидай жапырақтары мен масақтарының септориозы



а б
7-сурет. Бидай жапырақтары мен сабақтарының сары теңбілі немесе пиреносфорозы



а б
8-сурет Drechslera tritci repentis-тің жалған жеміс денесі (а) және конидиялары

а б
9-сурет. Дән қараюы Alternaria spp (а) және тамыр шірігін қоздыратын Bipolaris sorokiniana (б) саңырауқұлақтарының конидиялары

а б
10-сурет. Septoria tritici жане Stagonospora nodorum саңырауқұлақтарының конидиялары

а б
11- сурет Арпа жапырақтарының теңбілденуі: гельминтоспориозды, немесе қара-қоңыр (а) және сақиналанған немесе ринхоспориоз (б) (68 стр.).



а б
12 сурет. Бидай (а) мен күріштің ( б) тамыр шірігі



а б
13 суреттер Бидай (а) мен тары бактериозы - жолақ дағы ( б)



а б
14 сурет. Астық тұқымдастардың қастауышы (а). 15 сурет. Вирус ауруына
шалдыққан жапырақтардың жолақтанып сарғаюы (б)

а б в
16 суреттер топтамасы. Күріш аурулары: пирикуляриозға шалдыққан жапырақтар (а) , шашақ пен дәннің теңбілденуі немесе қараюы (б, в).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет