«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Қырыққабаттың зиянкестермен және аурулармен кҥресу



Pdf көрінісі
бет126/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
9.4 Қырыққабаттың зиянкестермен және аурулармен кҥресу 
Түтіктік бактериоз.
Барлық жерлерде тараған. Ӛсімдіктің тҥтікшелерін 
зақымдайды, жапырақтарының шеттері сарғаяды да, оларда ҧсақ қара торлы 
жӛлкелерге пайда болады. Зақымданған сағақты кӛлденең кескенде қарайған 
тҥтікшелер жақсы кӛрінеді. Қырыққабатқа ауру топырақ, тҧқым арқылы және 
биттерден тҧрады. Жаппай жҧққанда ӛнім кҥрт азаяды. 
Күресу шаралары.
Дақылдардың ауыспалы егісте дҧрыс кезектесуі, 
танаптан жиын-терін қалдықтарын аластау және оларды жою; танапты кҥзде 
терең жырту; тҧқымды ТМТД (1кг тҧқымға 8г) немесе фентиураммен (1кг 5г) 
дәрілеу; биупен-ауру тасушымен кҥресу; кӛшеттің тамыр жҥйесін биопрепарат 
фитобактериомициннің 0,1% суспензиясына малып алу. 
Фомоз.
Қырыққабат тамыры мен сабағының барлық жерде кездесетін 
қҧрғақ шірігі. Ауруға шалдыққан ӛсімдіктер ӛспей қалады, жапырақтарының 
тҥсі кҥлгінденеді, сосын сарғаяды, қара дақтар пайда болады. Тамыр мойны 
шіриді, жидиді, ӛсімдік ӛліп қалады. Ауру топырақ, тҧқым арқылы және 
биттерден тҧрады. 
Күресу шаралары
тҥтіктік бактериозбен кҥрескенге ҧқсас.
Қырыққабаттылар бүргесі. 
Барлық жерде кездесетін, ҧсақ , секірген 
қоңызшалар. Ересек қоңыз тҥрінде топырақтың жоғарғы қабатында және 
ӛсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Сәуірдің аяғында оянып
алғашқы арамшӛптермен қоректенеді де кейін қырыққабатқа ауысады, 
жапырақтарын тесіп жейді. Әсіресе кӛшетсіз қырыққабат пен отырғызылған 
кӛшеттің жас ӛсімдіктеріне ӛте қауіпті. Қҧрғақ және ыстық ауа райына ӛте 
белсенді. 
Аналығы 
жҧмыртқасын 
топыраққа 
салады, 
личинкалары 
тамыршалармен қоректенеді де, сосын қуыршақтанады. Екінші ҧрпағы 
маусымның аяғында пайда болады, бірақ ересек ӛсімдіктерге елеулі зиян 
келтіре қоймайды.


Күресу шаралары.
Бҥргелер пайда болғанша ӛсімдіктердің нығаюы ҥшін 
кӛшеттерді грунтқа ертерек отырғызу; ӛсімдікті ҥстеп қоректендіру; ерте 
кӛктемде арамшӛптерде бҥргелердің пайда болған кезінде егістікткрдің 
шеттерін, сосын қырыққабатты мына прнпарттардың біреуімен ӛңдеу керек 
(га): 2,5% метафос дустымен (25кг), хлрофостың 0,2% немесе метатионның 
0,1% ерітіндісімен. 
Қырыққабат күйесі.
Барлық жерде де кездеседі. Қанатын жайғанда 14-
17 мм болатын кішкентай кӛбелек. Жҧмыртқасын жапырақтың астыңғы бетіне 
салады. Бір аналық 100 жҧмыртқаға дейін салады. 7-10 тәуліктен соң 
жҧмыртқадан қҧрт пайда болады. Алдымен олар жапырақтың жҧмсағына тесіп 
кіреді де онда қысқа жолдар жасайды, сосын 2-3 тәуліктен соң сыртқа шығып, 
мәйегін 
жеп 
эпидермесін 
қалдырады. 
Нәтижесінде 
жапырақтарда 
«әйнекшелерң пайда болады. Жаз бойы қырыққабат жҥйесі 4 ҧрпақ береді. 
Жиын-терін қалдықтарында және арамшӛптерде қуыршақ тҥрінде қыстап 
шығады. 
Күресу шаралары. 
Қаудандар қалыптасқанша 80% хлорофосфат немесе 
20% метафос эмульсиясымен – гектарына 2 кг препарат және 400-600 л жҧмыс 
сҧйығын (0,3%-тік ерітінді) шығындап ӛңдеу; энтобактерин-3 және 
саңырауқҧлақтық микробиологиялық препарат боверинді қолдану. ААШИ 
деректері (М.Ф. Брагина, 1985) бойынша қырыққабатты энтобактерин – 3-тің 
1% концентрациясымен немесе сондай концентрациядағы боверинмен тәулікте 
олардың толығымен жойылуына әкеп соққан. Тап сондау нәтижеге осы 
препараттардың біреінің 0,5% концентрациясына 0,01% рогорды немесе қосып 
та жетуге болатын кӛрінеді. 
Қырыққабат қоңыр көбелегі.
Қанатын жайғанда 50 мм дейін жететін 
қоңыр-сҧр тҥсті кӛбелек. Топырақта қуыршақ тҥрінде қыстайды. Мамыр 
айының орта кезінде қуыршақтан кӛбелек шығады және пырақтың астыңғы 
бетіне жҧмыртқа салады. 4-9 тәуліктен соң кҥрт пайда болады. Алғашқыда 
олар ашық тамақтанады да, сосын қауданның ішіне кіреді. Мҧндай қаудандар 
таурлық тҥрін жоғалтады. 
Күресу шаралары.
Қырыққабат кҥйесімен кҥрескендей. 
Қырыққабат биті.
Кең тараған зиянкес. Ӛзекте және басқа да 
қалдықтарда жҧмыртқа кҥйінде қыстайды. Кӛктемде жҧмыртқадан 
личинкалары туады да арамшӛптермен және қырыққабаттың тҧқымдарымен 
қоректенеді. Жаздың ортасында битті ҥлескіге тарататын қанатты аналықтары 
пайда болады. Биттер жапырақтардың астыңғы бетіне орналасады және
шырынын сорады. Жапырақтар тҥссізденеді. Ӛсімдіктер одан әрі ӛспейді, 
тҧқымдардың ӛркендері мен бҧршаққындары майысады, қатты зақымданғанда 
қаудандары және тҧқымдары қалыптаспайды. 
Күресу шаралары.
Химиялық заттардың біреуімен – карбофоспен – 1,5 
кг/га, метафостың 20% эмульсиясымен – 2 кг/га, антиомен – 0,7-1 кг/га 400-
600 л/га жҧмыс сҧйығын шығындап ӛңдеу. Бҥркуді қауданның байлана 
бастағанда, бит жедел кӛбейіп бҥктелетін жапырақтың ішкі жағына орналаса 


бастағанда жҥргізеді. Бҥркуді кешеуіздету кҥткен тиімділікті бере алмайды, 
себебі препарат бҥргеге тимейді. 
Қырыққабаттың тҧқымдары рапыстың гҥлжегішімен, қырыққабат 
шыбынымен, бҥргелермен және т.б. зақымданады. Олармен кҥресу ҥшін 
тҧқымдықтарды гҥлдегенге дейін азықтық қырыққабатты ӛңдеген улы 
заттармен ӛңдеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет