тӛзімділігі ортадан жоғары. Кӛк шӛбі мен пішенінің ӛнімділігі жағынан
аудандастырылған Марусинская 425 және Полтавская 256 сорттарынан асып
тҥседі. Сорт Кӛкшетау, Целиноград облыстарында аудандастырылған.
Жоңышқаның аудандастырылған сорттарынан
басқа соңғы жылдарда
республикамыздың селекция станциялары кӛптеген болашағы зор жаңа сорттар
ӛсіріп шығарды. Ондай сорттардың қатарында Гримм Приаральский, Қошчи,
Ертістік сорт, Долиналық 2 т.б. бар.
Эспарцет. Халық шаруашылығндағы маңызы, өсетін аудандары, өнімі.
Эспарцет жоғары ӛнімді және сапалы кӛп жылдық ӛсімдік. Кӛктей шабылған
шӛбінде 18,2%, пішенінде – 16,6% қорытылатын протеин болады. Эспарцет –
мал ішін кептірмейтін, жайылымға тиісті ӛсімдік. Ерте піседі, әр гектарға 100-
120 кг азот жинайды. Жақсы бал береді. Эспарцет Украинада, Кҥнгей
Кавказда, Орталық
Қаратопырақты аймақтарда, Еділ бойында, Сібірде,
Молдавияда ӛсіріледі. Әр гектарынан 90-100 г пішен, 23-25 ц тҧқым алынады.
Ботаникалық ерекшеліктері. Эспарцет
(Onobrycnіs Sutіva) бҧршақ
тҧқымдастарға жататын кӛп жылдық ӛсімдік. Тамыр жҥйесі ӛте кҥшті,
топыраққа 2 м кейде одан да терең жайылады. Сабағының биіктігі 70-100 см,
бҧтақтанбайды. Жапырағы кҥрделі, дақ бӛлікті жапырақтардан тҧрады. Гҥлі –
қызыл немесе ашық қызыл тҥсті. Гҥл шоғыры – шошақ. Араның кӛмегімен
айқас тозаңданады. Жемісі – сопақша келген, дара тҧқымды, сырты торға ҧқсас
бҧршақ. 1000 тҧқымының салмағы 15-20 г.
Топыраққа талғамы аз болғанмен Қаратопырақты, әкті жерлерде ғана
жақсы ӛседі. Қҧрғақшылыққа тӛзімді. Екпе дақыл ретінде тҥрі кӛп болғанымен,
тек ҥш тҥрінің ғана ӛндірістік маңызы бар.
Егістік эспарцет
(Ohobrychіs Vіcedefolіa). Жапырақтары қоңыр жасыл
тҥсті,
элипс тәріздес, биіктігі 85-90 см ӛсімдік. Бҧршақтары ірі, 1000
дәнінің
салмағы 18-20 г. Тез пісетіндігімен және қысқа тӛзімділігімен сипатталады. Әр
гектардан 60-100 ц пішен, 7-10 ц тҧқым береді. СССР-дің Европа бӛлігінің
далалық және орманды дала аймақтарында егіледі.
Кавказ эспарцеті
немесе алдыңғы азиялық эспарцет (Onob. antasіdtіca),
биіктігі 145-150 см жетеді. Жапырақтары сҧрғылт немесе сҧрғылт кӛк,
жҧмыртқа тәріздес. 1000 тҧқымның салмағы 15-16 г. Басқаларына қарағанда
бҧдан ӛнім кӛп алынады, бірақ қҧм эспарцетімен салыстырғанда қысқы суыққа
және қҧрғақшылыққа тӛзімділігі нашар. Кҥнгей және Солтҥстік Кавказда,
Украинаның оңтҥстігінде ӛсіріледі.
Құм эспарцеті
(O. drendrіa). Сабағы қатты, биіктігі 85-100 см.
Жапырақтары кӛк, жоғарғылары сары кӛк тҥсті. Бҧршағы ҧсақ, 1000 дәнінің
салмағы 12-15 г. Суыққа ӛте тӛзімді. Солтҥстік Қазақстан, Батыс Сібір,
Орталық Қаратопырақты аймақта, Украинаның далалық аудандарында егіледі.
Алғы дақыл.
Кейбір аудандарда (Солтҥстік Қазақстан) оны топырақты
қорғайтын ауыспалы егістерде егеді. Жақсы алғы дақылына кҥздіктер, жаздық
дәнді дақылдар, жҥгері, мал азықтық тамыр жемістілер жатады.
Тыңайтқыштар.
Басқа кӛп жылдық шӛптерге қарағанда, эспарцет
тыңайтқыштарды кӛп қажет етпейді. Бірақ егіс мӛлшері аз болғанда Р40 және
тҧқым себілген кезде Р10 беріледі. Әр гектарға егілетін тҧқымды 200 г
молибден қышқылды аммоний және нитрагинмен ӛңдеу жақсы нәтиже береді.
Тұқымды себу.
Себуге мҧқият тазартылған тҧқымдарды іріктеп, бидай,
арпа сияқты бҥркеуші дақылдармен бірге дән-шӛп себетін сеялкалармен егеді.
Орманды дала және тау беткейлі аймағында әр гектарға 90-100 кг,
далалық
аймақта 70-80 кг тҧқым сеуіп, 3-5 см тереңдікке сіңіреді.
Егістікті күту.
Бҥркеуші дақылдарды 18-20 см биіктікте орысымен
егістікті олардың сабанын тазартады. Кӛктемде егістікті алғы дақыл
қалдықтарынан тазалап, топырақтың беткі қабатын қопсыту ҥшін тырмалайды.
Шӛпті шауып алғаннан кейін де, топырақ ауыр тырмалармен ӛңделеді.
Егістікті жинау.
Эспарцетті шабуды гҥлденуінің бас кезінен бастап
толық гҥлденгенше аяқтайды. Шӛпті шабу эспарцет биіктігі 6-7 см жеткенде
жҥргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: