20. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіні (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген жауаптылыққа тарту үшін қажетті шараларды қолданады.
3. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін .
21. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.