9. Қорытындыережелер 43. Қызмет көрсетiлетiн адамдарға және олардың отбасыларына арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасын, толық көлемiн, түрлерiн және тиiстi жағдай жасауды қамтамасыз етудi бақылауды құрылтайшы және уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Үйде әлеуметтiк көмек көрсету
қызметтерiнiң әлеуметтiк
қызмет көрсету үлгi ережесiне
1-қосымша
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету №____ шарты 20__ жылғы «___»________
___________________________________________________________________
(үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң атауы)
______________________________________ атымен, (бұдан әрi – Бөлiмше)
(басшының Т.А.Ә.)
бiр тараптан және _________________________________________________,
(ата-анасының, қорғаншысының Т.А.Ә.)
(бұдан әрi – Заңды өкiлi) екiншi тараптан, бұдан әрi бiрлесiп
Тараптар деп аталатындар төмендегi туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәнi
Қызмет алушы ___________________________ бөлiмше Заңды өкiлiнiң
өтiнiшi бойынша арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетедi.
2. Тараптардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1. Бөлiмше:
1) қызмет көрсетiлетiн адамның отбасын арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шарттарымен таныстыруға;
2) әзiрленген жеке жұмыс жоспарына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге;
3) белгiленген режимде және көлемде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге;
4) оң нәтижеге;
а) әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек және коммуникациялық функцияларды дамытуға;
ә) жеке даму, әлеуметтену және жақындары мен қоғам ортасына кiрiктiру деңгейiн арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
3) қызмет алушыға және оның отбасына құрметпен қарауға, өз мiндеттемесiне дөрекiлiк, немқұрайлылық танытпауға тиiс.
2.2. Бөлiмшенiң:
1) заңды өкiлдерiнен қызмет көрсетiлетiн адамның тұлғалық даму деңгейi туралы қажеттi мәлiметтердi алуға;
2) қажет болған жағдайда тиiстi мамандарды тартуға құқығы бар.
2.3. Заңды өкiлдерi:
1) қызмет алушыға күтiм жасауға, оның әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек дағдыларының қалыптасуына белсендi қатысуға;
2) қызмет алушыға қатысты және арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсетумен байланысты барлық өзгерiстердi әлеуметтiк қызметкерге және/немесе Бөлiмше басшысына хабарлауға;
3) әлеуметтiк қызметкерге құрметпен қарауға;
4) осы шарттың талаптарын сақтауға тиiс.
2.4. Заңды өкiлдерiнiң:
1) қызмет көрсетiлетiн адамның тұлғалық даму барысы туралы сенiмдi ақпарат алуға;
2) үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шартын тоқтатуға құқығы бар.