91 90 қыштан жасалған мүсінін орнынан қозғалтпақшы болып
-
ты. Монахтар оны орнынан көтергенде ол жарылып
кетіпті. Шіркеу бастығы мүсін күл-талқан боп қирайды
деп зәресі ұшыпты. Осы кезде монахтар жарықшақтың
ар жағынан алтынның жарқылын байқап қалыпты.
Бірте-бірте мүсінді қыштан тазалағанда, олар мүсіннің
сом алтыннан жасалғанын анықтаған екен.
Бір кездері бирмандық армия Таиландқа басып
кіргенде, монахтар Будданың алтын мүсінін қышпен
жауып тастаған екен. Бирмандық сарбаздар шіркеуге
келіп барлық монахты өлтіріп тастапты. Бұл құпияны
білетін бірде бір монах тірі қалмаса керек. Тек екі жүз
жылдан кейін ғана шынайы алтын Будда ашылып отыр.
– Менің ойымша, біздің әрқайсымыздың бойымыз-
да осында алтын Будда бар. Осының түп тамырында бір
нәрсенің мәні жатыр, біздің жақсы көретін нәрселеріміз
балалық шақ пен жастық шақтан бері қышпен қаптала
береді де біз өзіміз туралы жалған пікірлерге сене бастай
-
мыз. Өзімізді қорғаймыз дейміз де, ішіміздегі алтынымы
-
зды жасыра береміз.
Олар керемет эспрессо ішті де, Марктің жұмысы,
«Өзіндік сана» академиясына жол тартты. Маңдайшадағы
жазуды көргенде Карл терең құрмет сезінді. Ол, Анна
-
ның сөзімен айтқанда, Марк-Мидың жиған орасан білімі
туралы ойлады.
Марк Карлды конференц-залға ертіп келді.
– Біз өзіндік сананың ғылыми негіздері туралы фильм
түсіргенбіз, соны көруді ұсынамын. Сен кез келген уақыт
-
та көрсетілімді тоқтата аласың. Сосын біз оны талдармыз.
Фильмді түсіруге аз қаржы кетпесе керек. Онда қиын
бейнеэффектілер қолданылыпты. Кіріспе бөлімінде Карл
Марктің дауысын естіді:
Сен өзгере аласың.
Осы уақытқа дейін ғалымдар ми өзгере алмайды деген
тұжырымда болатын. Алайда бұл дұрыс емес. Біз өзіміз
-
ге жаңа бағдарлама жасай аламыз. Біз тіпті өз ойымызды
бақылай аламыз.
Экранда осы кезде мидың бірте-бірте өзгеріске енгені көрсетіле бастады. Сен кімсің? Бағдарлама құрастырушысың ба әлде бағдарла-
масың ба?
Бұрынырақ біз өзімізге енгізілген бір бағдарламаны орын
-
дап жүрміз деп ойлайтын едік. Алайда бүгін біз өзіміз
бағдарлама құрастырушымыз деп айта аламыз. Біз стакан
-
дағы нәрсе емеспіз, стаканның өзіміз. Біз өз компью
-
терімізге қандай бағдарлама орнататынымызды өзіміз
білеміз. Ішімізді неге толтыратынымызды тек өзіміз
ғана білеміз. Біз бағдарламашылармыз және өз бағдар
-
ламаларымызды өзгерте аламыз. Сондықтан да біз –
өз болашағымызды жасаушылармыз.
Экранда толып тұрған стакан көрсетілді. Ішінде «сенің бағдарламаң» деп жазылып тұрды, ал стаканның сыртында «сен бағдарламашысың» деп жазылған еді. Біздің ойымыз үздіксіз ішкі диалог болып табылады.
Біз өзімізге сұрақ қоямыз да, оған өзіміз жауап береміз,
ойша бірдеңені ойлаймыз да, оған дәлел іздейміз. Мұның
бәрі «селектірлік түйсік» деп аталады.
Біз ішкі диалогымызды басқара аламыз, ондай жағдай-
да диалогымыз бізге қарсы емес, біз үшін жұмыс істей
бастайды.