135
Препараттарды
өндіру
технологиясын
әзірлеу
кезінде
біз
майсыздандырылған сүт негізінде микроорганизмдерді өсіру кезінде әмбебап
қоректік ортаны пайдалану – сүтті қайта өңдеу өнімін пайдалану сияқты
маңызды экологиялық аспектіге назар аудардық. Өнеркәсіпте пробиотикалық
бактериялар препараттарын табысты өндіру факторларының бірі дұрыс
таңдалған қоректік орта болып табылады. Нарықтағы сүт қышқылды
бактериялар үшін стандартты қоректік орталар өсіру анағұрлым қымбат, ал сүт
қышқылды бактериялардың таза өсінділерін бөліп алуда гидролизденген сүт
қоректік ортасын, лиофильді кептіру үшін қорғаныш орта ретінде –
майсыздандырылған сүтті қолдану біршама қол жетімді – қазіргі таңдағы
экономикалық тұрғыдағы өзекті мәселе.
Біздің зерттеу жұмыстарымызда пробиотикалық өсінділерді өсіруде
әмбебап қоректік орта – гидролизденген сүт қоректік ортасын қолдану
мүмкіншіліктері көрсетілген.
Пробиотикалық
препараттар
өндірісінің
технологиясы
белсенді
пробиотикалық қасиеттерге ие өсінділерді іріктеп алудан бастау алады.
Өсінділердің биомассасын алуда тереңдік өсіру әдісі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: