138
болып табылады.
Азық-түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру және мал шаруашылығы
өнімдерін алу кезінде антибиотиктерді қолдануға тыйым салынады. Сондықтан
бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда антибиотиктерге балама ретінде
қауіпсіз, тиімді пробиотикалық препараттарды белсенді әзірлеу және енгізу
жүріп жатыр.
Пробиотикалық препараттардың құрамында тірі микроорганизмдер және
микробтық текті заттар (метаболиттер) бар, табиғи енгізу тәсілі кезінде ішектің
қалыпты микрофлорасының қызметін түзетуге қабілетті. Ішектің қалыпты
микрофлорасы грамм теріс ішек микроорганизмдерінің
патогенділік
факторларының активтілігін болдырмайды және олардың санының өсуін
тежейді. Бұдан басқа, бұл препараттар шартты патогенді микроорганизмдерге
қарсы айқын антагонистік қасиеттерге ие. Қазіргі уақытта пробиотиктер ретінде
тірі бифидо-лактобактериялар негізіндегі препараттар, сондай-ақ жануарлардың
денсаулығы мен өнімділігіне нақты оң әсер ететін спора түзуші
аэробты
бактериялар қолданылады.
Халықаралық
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
нәтижесінде
пробиотиктерді құрастыру және өндіру зертханасының базасында алғаш рет
белсенді сүт қышқылды бактерияларды бөліп алудан бастап пробиотикалық
препараттарды өндіру кезінде пайдаланылатын пробиотикалық штаммдардың
сапасын бағалау, ветеринариялық қолдануға арналған пробиотикалық
өнімдердің және ашыған сүт өнімдері мен
пробиотикалық препараттарға
арналған дайын отандық ашытқылардың қауіпсіздігін микробиологиялық
бағалау әдістері әзірленді.
Осыған байланысты, біз Қазақстан Республикасының ветеринариялық
тәжірибесі үшін жоғары антагонистік қасиеттері бар отандық сүт қышқылды
бактериялар негізінде дайындалған пробиотикалық
өнімдерді өндіруге арналған
нормативтік техникалық құжатты ұсынамыз (Қосымша Д).
Аталмыш нормативтік техникалық құжат
Достарыңызбен бөлісу: