Омарова аккенже бердихановна



Pdf көрінісі
бет44/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   96
Байланысты:
Диссертация

 
7-8 М
 
– түйе сүтінен бөлініп алынған. Клеткалары 
грамм оң, қозғалмайтын, ұзын дөңес жиекті кокктармен сипатталады. Таяқша 
пішінді ірі клеткалар түрінде орналасқан. Агарлы ортаның беткейінде дөңес 
формалы, жиектері тегіс ақ түсті, тұтқыр консистенциялы, беті-тегіс, жылтыр, 
диаметрі 3-4 мм, пигмент түзбейтін колониялар. Сұйық қоректік ортада балғын 
сүт қышқылды иіске ие, сорпаның бұлыңғырлануы байқалады, ақ түсті тұнба 
түзіледі.
МРС-1 қоректік ортасында: балғын сүт қышқылды иісі бар, сорпа 
бағанасында аздап бұлыңғырлану байқалады, ақ түсті тұнба түзеді.
Целлобиоза, рибоза, ксилоза, фруктоза, галактоза, глюкоза, лактоза, мальтоза, 
манноза, салицин, маннитолды ыдыратады. Сахароза, сорбит, раффинозаны 
мұлдем ыдыратпайды. L-сүт қышқылын түзеді. Аргининді гидролизге 
ұшыратады. Ең төменгі өсу температурасы – 10°С. Оңтайлы температура 28-
32°С. Сүтте 15
0
С, 40
0
С, 45
0
С температура кезінде ғана өсу байқалады, 0,4% 
фенол қосылған сүтте өсе алады, алайда 60
0
С температурада 30 мин. қыздыруға 
төзімсіз. Сүтті біркелкі қойыртпақ түзу арқылы 7-8 сағат ішінде ұйытады. 
Шекті қышқылдығы (сүтте 5-7 тәулік дамығаннан кейін) 102
0
Т жетеді. 
Оңтайлы pН мәні 5,5-5,8, рН ортасының кең диапозонында 3,0-8,3 өсе 
алады. Культивирлеу ұзақтығы: 48 сағат. Факультативтік анаэробты. 
Штаммның өміршеңдігінің ең жоғары көрсеткіші 2,9×10
8
КТБ / мл құрайды. 
Қышқыл мен өттің дәйекті әсері кезінде өміршеңдігін (10
4
КТБ/мл) сақтайды. 2-
6% NaCl, 8% фенол, 30% өт қосылған коректік ортада өсе алады. Метилен көгін 
0,1% қалпына келтіреді, аргинининнен аммиак түзеді, диацетил түзбейді.
Антагонизм әдісімен зерттелген антагонистік белсенділік, мм: 
Staphylococcus 
aureus
-21, 
Е.coli
– 25, 
Salmonella typhimurium
– 20. 
Bifidobacterium crudilactis
7-1С
– түйе сүтінен бөлініп алынған. 
Агарлы қоректік ортаның бетінде дөңгелек, жиектері тегіс, ақ түсті, жұмсақ 
консистенциялы, дөңес түссіз емес, диаметрі 1-2 мм колониялармен 
сипатталады. Сұйық қоректік ортада балғын сүт қышқылды иісі бар, қоректік 
ортаның бұлыңғырлануы байқалады, ақ түсті тұнба түзіледі. 
Бифидум ортасында: балғын сүт қышқылды иісі бар, сорпа бағанасы 
ұсақталған, ақ түсті тұнба түседі. Ксилоза, галактоза, глюкоза, фруктоза, 
раффиноза, манноза, тураноза, мальтоза, лактоза, сахароза, целлибиоза, рибоза 
қанттарын ашытады. Сүт қышқылын өндіреді, казеинді гидролизге ұшыратады. 
pН оңтайлы мәні 5,5-5,8, рН-3,0 кезінде де өсе алады, алайда рН-8,3 
кезінде өсу байқалмайды. Өсіру уақыты: 48 сағат. Оттегіге қатынасы: 


69 
Микроаэрофил. Өсудің оптимальды температурасы – 25-45
0
С. Сүтте 40-45
0
С 
кезінде де өсу байқалды. Сүтте 0,4 % фенол қосылған кезде де орташа өсу орын 
алды. 60
0
С температурада 30 мин. қыздыруға төзімді. 8-12 сағат ішінде сүтті 
орташа ұйытады, шекті қышқыл түзу белсенділігі – 130
0
Т. 
Штаммның өміршеңдігінің ең жоғары көрсеткіші 2,6×10
7
КТБ/мл 
құрайды. Қышқыл мен өттің дәйекті әсері кезінде өміршеңдігін (10
4
КТБ/мл) 
сақтайды. 2-6% NaCl әсеріне төзімді, 20% өттің қатысуымен 10
5
КТБ/мл 
өміршеңдік көрсеткіші бар. 
Bifidobacterium crudilactis


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет