Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы



бет40/62
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#30070
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Адам құқықтары туралы мәлімет.
Ерікті елдің азаматы шын мәнінде ерікті болу тиіс, оған мұндай еркіндікті өз құқығы мен міндеттерін жете білуі, оларды кез-келген жағдайда, өзге азаматтарға зиянын тигізбей, қорғай алуы барысында иеленеді. Өз елінің шын мәніндегі азаматының белсенді әлеуметтік ұстанымы болуы тиіс. Ол үшін жастардың құқықтық мәдениетін көтеру керек, өзгелердің құқығын қорғау және құрметтеу қабілетін қалыптастыру. Мұндай қатынастарда адамдарға құқықтық білім берудің көпжылдық және тұрақты жүйесі қалыптасқан Француз Республикасының тәжірибесі үлгі бола алады. Францияның үлгісі саяси плюрализм рухында демократиялық дамудың алдыңғы жаңа үлгілерінің бірін және адам құқығы мен еркіндігінің сақталуын көрсетеді, оны жүзеге асыру үшін оқушылардың азаматтық тәрбиесін тиянақты жүргізу, кез-келген адам құқығын құрметтеуді үйрету керек. Осыған орай құқықтық білім беру жүйелі, үнемі, мақсатты, құнды және өзгерістеремен үндес жүруі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» Заңы (2002 жылғы 8 тамыздағы №45) балалардың негізгі құқықтары мен мүддесін жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейді, онда балаларды толыққанды өмірге дайындау, олардың қоғамдық мәнді және шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың қоғамдық мәнді және шығармашылық белсенділігін дамыту, жоғары адамгершілік рухта, патриотизмге, азаматтыққа, ұлттық санасын қалыптастыруға әлемдік өркениеттің жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру көзделеді. Әрбір баланың төмендегідей құқықтары бар:

  • Даралық ерекшелікке және оны сақтауға, 9-бап;

  • Өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне-және жеке өміріне қол сұғылмауға, 10-бап;

  • Сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға, 11-бап;

  • Қажетті тұрмыс деңгейіне, 12-бап;

  • Мүлікке, 13-бап;

  • Тұрғын үйге, 14-бап;

  • Білім-алуға, 15-бап;

  • Еңбек бостандығына, 16-бап;

  • Мемлекеттік көмекке, 17-бап;

  • Демалуға және бос уақытын пайдалануға, 19-бап;

  • Отбасында өмір сүру және тәрбиелену, 21-бап;

  • Ата-анасымен бірге тұру, 25-бап;

  • Өзінен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау, 26-бап.

Сонымен құқықтық білімнің негізгі міндеттері – білім алушыларға қоғамның белсенді мүшесі ретінде мемлекет пен қоғам белгілеген еркіндігі мен міндеттері бар екенін ұғындыру; әрбір оқушыны азаматтық қоғамның әлеуметтік өмірінің құқықтық түрлерімен таныстыру. Адамдардың бір – бірімен дау – дамайсыз (қақтығыссыз) және тұрмыстық іскерлік қарым-қатынасын құру ережелерімен таныстыру; оның бойына халықтық жоғары ізгілік нормаларын сіңіру (үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, қол сұғудың кез-келген түріне тойтарыс беру, әлсіздер мен кішілерге қамқорлық жасау); оларды өзгенің пікіріне, мінез құлқы мен мүддесіне шыдамдылық көрсетуге үйрету, сондай-ақ дінін сыйлау; оқушыларда патриотизм мен заңды тыңдау секілді жеке тұлға қасиетін қалыптастыру.
Жаттықтырушы:
– Сонымен, қалай ойлайсыздар Қазақстандықтарды мұндай қадамға баруға не итермелейді? Қиын тұрмыс па? Әлде психологиялық әлсіздік пе? Мүмкін, әлемде болған қаржылық дағдарыстың салдары шығар? Жыл сайын бес мыңға жуық Қазақстандықтың өмірін жалмайтын бұл құбылысқа басты себеп не? Адамдардың өз-өзін құрбан етуіне қандай жағдайлар себеп болады? Өз-өзіне қол салу бұрын егде жастағы адамдар арасында жиі болса, қазір жастар арасында көп кездесетіні не себептен деп ойлайсыз?
Енді осы сауалдар төңірегінде ой қозғап, жауап іздеп көрелік. Ол үшін барлығымыз топтасып жұмыс жасаймыз. Осы отырған аудиториямызда 3 топқа топтасуымыз керек.
Психологтардың пікірінше егер ішкі суицидалдық жағдайды дер кезінде анықтап отырса, онда ол сыртқы мінез-құлық жағдайына өтпейді.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет