Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамы Қонақ жүгерінің дəні тарыдан ірілеу, домалақ-сопақтау, түсі ақ, сары, қызыл, қоңыр, 1000 дəнінің массасы 20-24 г.
Эндоспермі ұнтəрізді немесе шыны, дəннің 82-88%-ына дейін көлемін алып жатады, ұрығы 6-10%, қабыршақтары 7-8% шамасында.
Химиялық құрамы: ақуыз – 9-14, крахмал – 70-80, клетчатка – 2-3, май – 2,5-3,5, күлдік заттар – 2,0-2,5%. Ұрығында май көп – 28-30%-ға жетеді, ақуызы 17-19% шамасында. Дəннің осы көрсетілген химиялық құрамдары, оның мал азығы ретінде пайдалануға немесе əртүрлі жармалар алуға толық жарамды екендігін көрсетеді.
Жапырағы жапырақ қынабы мен жапырақ алақанынан тұрады. Жапырағының ені 5-14 см, ұзындығы 40-80 см дейін жетеді. Жапырақтарының саны 7-10-нан (ерте пісетіндерде) 16-25 және одан да көп болады (кеш пісетіндерде).
Гүл шоғыры ұзындығы 15-60 см сіпсебас (шашақ). Оның пішіндері және түстері әртүрлі болып келеді. Сіпсебастардың сабақта орналасуы сорттарына қарай иілген немесе бұралған болуы мүмкін. Масақшалары негізінен екіден жұптасып бұтақшалар ұшында орналасады. Оның біреуі – қосжынысты, жемісті, сағақсыз, екіншісі – қысқа сағақты, біржынысты, жеміссіз, аталықты және айқас тозаңдануы басым.
Дәні – жалаңаш немесе қабықты. Қабықты сорттарында масақша гүл қауыздарымен тығыз оралған, ал жалаңаш дәнділерде қауыздар тығыз емес, жеңіл ажыратылады.
Дәнінің пішіні домалақ, ұзынша – жұмыртқа, алмұрт тәріздес, түсі – ақ, сары, қызыл, қоңыр болып келеді. 1000 дәнінің массасы 30-45 г-нан (ірілері), 20-30 г(орташасы) және 20 г-нан (ұсақтары) төмен.
Түрлері Sorghum bicolor – кәдімгі құмай Sorghum saccharatum – қант құмайы Sorghum technicum – сыпыртқылық құмай Sorghum chinense – Қытай тарысы Sorghum cernuum – балқұмай Sorghum sudanense – Судан құмайы Sorghum halepense – Алеп құмайы Қонақ жүгері айқаспалы тозаңданатын өсімдік. Сондықтан одан барлық көрсеткіштері біркелкі сорттар шығару өте қиын. Сонда да болса, оларды өсімдіктің бойына, сіңсібастарының пішініне, дəнінің түсіне жəне т.б. жəне басқа қасиеттеріне байланысты үш топқа бөледі. Қабығының ішінде дəн бос жатады. Сондықтан əбден піскен дəн төгіліп кетуі де ықтимал. Осы көрсеткіші бойынша: 1. Қабығы жоқ топ; 2. Аздап ашық; 3. Орташа ашық; 4. Көпшілігі ашық; 5. Түгел ашық дəн деп бөлінген. Өндіріс бойынша тек үш топқа бөлінеді: 1. Дəнді қонақ жүгері– жарма алуға жарамды, бойы аласа, аз бұтақтанатын, дəні дүгел ашық оңай ақталатын тобы; 2. Қантты қонақ жүгері көк сабағынан сірне алуға арналған. Бойы биік, бұтақтануы орташа, сабағының өзегінде қант көп болады. Дəні қабықты, аршылмайды; 3. Сыпырғы алуға арналған қонақ жүгері – сабағының өзегі өте құрғақ, сіңсібасының бұтақтары бір буыннан шыққан, бұтақтары ұзын. Мұның да дəні қабықты, қабығы аршылмайды
Құмайдың тіршілік кезеңдері мынадай: өнуі, көктеуі, түптенуі, түтіктенуі, сабақтануы, шашақтануы, гүлденуі, сүттене пісуі, балауыздана пісуі, толық пісуі.
Құмай жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақ жылылығы +100С өне бастайды. Ауа жылылығы +20-300С жақсы өсіп дамиды. Кейбір өсу кезеңдерінде (өскіні-шашақтануы) жылуды көп керек етеді (1400-21000С). дәнінің пісуіне керекті температура жиынтығы 2200-38000С шамасында.
Жемдік дақылдардың ішінде құмай құрғақшылыққа ең төзімдісі. Транспирациялық коэффициенті 200 шамасында. Тұқымы ең төмен топырақ ылғалдылығында өне береді.
Құмайдың биологиялық ерекшелігі қатты құрғақшылық кезде өсуін тежеп, қолайлы болған кезде қайтадан өсе бастауы. Құмай өсімдігі жазғы жауын-шашынды тиімді пайдалана алады. Бірақта құмайдың құрғақшылыққа және ыстыққа төзімділігімен қатар ылғалға қатнасы жоғары. Суармалы жерде құмайдың өнімі екі есеге дейін өседі.
Құмай – қысқа күннің өсімдігі, бірақта жарықты жақсы көреді. Құмайдың топыраққа қатынасы да әртүрлі. Ол жеңіл құмдақ топырақ түрінен ауыр балшықты топырақ түрлеріне дейін өсе береді. Қара, қызғылт және ашық-қызғылт топырақты жерлерде ең жоғарғы өнім қалыптастырады. Жылы, топырақ кеуектілігі жақсы және ыза суы төмен жерлерде құмай жақсы өсіп дамиды
Көп тараған сорттары – Далалық 5, Украиналық 107, Карлик Джугара 185, Кубань қызылы 1677, сыпырғы жасауға арналған Веничное 623, ерте пісетін веничное, қанты көп қонақ жүгеріге – Днепропетровское янтарное, ерте пісетін жəне Қызыл Янтарь сорттары жатады.
Қонақ жүгеріге бір стандарт жасалған. «Қонақ жүгері. Дайындау кезінде қойылатын шарттар». Мұнда дайындағанда, өнделген кезде, крахмал, спирт жасаған кезде қойылатын шарттар көрсетілген.
Қонақ жүгері түсіне байланысты екі типке бөлінеді: 1. Ақ жалаңаш дəнді қонақ жүгері; 2. Түрлі түсті қонақ жүгері – сарыдан бастап қоңыр қызылға дейін деп аталған типтер. Олар: жалаңаш дəнді жəне қабықты дəнді қонақ жүгерілер болып екі тармаққа бөлінген.
Тұрақты шарттар бөлімінде оның ылғалдығы, тазалығы, зиянды жəндіктермен зақымданған дəннің саны туралы мəліметтер жазылған.
Жарма алуға тек 1типті, ал спирт алуға 1 жəне 2 типтерді пайдаланады.
Дәндік құмайды тамаққа, мал азығына және де спирт, крахмал алу өндірісі үшін өсіреді. Дәндік құмайдың өнімі басқа түрлеріне қарағанда жоғары. Құмайдың осы түрін көк азық, пішен және сүрлем дайындау үшін де өсіруге болады.
Қанттық құмайды көк азыққа, пішенге, сүрлемге және сірнеге өсіреді. Әсіресе қанттық құмайды жоғары мал азықтық қасиетіне байланысты (өсімдікте қант мөлшері 12%-дан 20%-ға дейін) көк азық, сүрлем алу үшін пайдалану өте тиімді.
Шөптік құмайға – судан шөбі жатады. Құмайдың бұл түрін мал азықтық өсімдік ретінде пайдаланады.
Астық алу үшін себілетін құмайдың негізгі сорттары: Сарваши, Кубанское красное 1677, т.б.
Қанттық сорттардың ең негізгілері: Ранний янтарь, Днепропетровский, Оранжевое 160, Кубанский янтарь. Және де соңғы жылдары құмайдың будандары: Кормовой 5, Силосный 72 т.б. шаруашылықта мал азығына кеңінен өсіріле бастады.
Құмайды астық алу үшін далалық, ал көк азық, пішен, не болмаса сүрлем алу үшін ферма жанындағы мал азықтық ауыспалы егістерде өсіреді. Ең жақсы алғы дақылдарға күздік немесе жаздық астық, дәнді бұршақ және отамалы дақылдар жатады. Құмайдың басқа дақылдарға қарағанда дара дақыл егістігі астық өнімін төмендетпейді.
Құмайдың алғашқы кезеңде өте баяу өсуіне байланысты тұқым себетін танап арамшөптерден мейлінше таза болуы тиісті. Алғы дақыл жиналғасын аңызды тереңдете (7-8 см) сыдыра жыртады, ал көпжылдық атпатамырлы арамшөптерге қарсы сыдыра жырту тереңдігі 10-12 см дейін болуы керек. Содан кейін сүдігер 20-27 см тереңдікте жыртылады. Көктемде танап тырмаланып ылғал жабылады. Тұқым сепкенше әр тереңдікте топырақ қопсытылады. Бірінші қопсыту тереңдігі 10-12 см-ге, екінші қопсыту жұмысы – 5-6 см тереңдікте жүргізіледі. Ауа-райына және арамшөптермен ластану қарқынына қарай тұқым себер алдында танапты үшінші рет қопсыту жұмыстарын жүргізуге болады. Тұқым себер алдында және тұқым себілгесін танапты тығыздайды.
Құмай жоғары өнім қалыптастыруына байланысты топырақтан көп мөлшерде қоректік зат пайдаланады. Сол себепті танапты үнемі қоректік заттармен толықтырып отыру қажет.
Танапқа органикалық немесе минералдық тыңайтқыштар сіңірген жағдайда құмайдың өнімі айтарлықтай өседі. Күзде негізгі топырақ өңдеу алдында танапқа әр гектарына 15-20 т көң шашу тиімді. Фосфор және калий тыңайтқыштарын (Р30-60К20-40) да күзде шашады. Азот тыңайтқышы (N30-45) көктемде топырақ қопсыту алдында беріледі. Кейбір тәжірибелер көрсеткендей көктемде тұқыммен бірге түйіршіктелген суперфосфат (Р20-40) берген де тиімді. Құмайды көк азыққа пайдаланған жағдайда бірінші ору жүргізгеннен кейін азот тыңайтқышын (N20-40) берген тиімді. Сонда ғана екінші – үшінші орымдардан жоғары өнім алуға болады.
Құмайды көктемде кешірек, топырақтың 8-10 см қабаты +10-120С жылығанда себеді. Себер алдында тұқымды сорттайды, ауада қыздырады, дәрілейді және микроэлементтермен (Мn, Со, Мо) байытып шылайды. Құмайды астық өндіру үшін нүтелеп кеңқатарлап (70х15х20 см) себеді. Немесе шаршы ұялап (70х70; 90х90 см) та себеді. Көк шөпке жай қатарлап (15 см) себеді. Әр гектарға келетін тиімді өсімдік тығыздығы: астыққа – 40-70 мың/дана, сүрлемге - 70-100, көк шөпке – 90-120 мың/дана. Тұқым себу мөлшері: нүктелеп кеңқатарлап сепкенде әр гектарға 10-14, шаршы – ұялап сепкенде – 6-10, жай қатарлап сепкенде – 20-25 кг. Тұқым себу тереңдігі 4-6 см, ылғалы аз бос топырақта – 7-8 см дейін.
Құмай сепкен танапты өскін бергенше арамшөптерді және топырақ қабыршықтарын жою үшін қатарларға қарсы тырмалайды. Тырмалау жұмысын құмай 4-7 жапырақ түзгесін тағы да қайталап жүргізеді. Кеңқатарлап себілген танаптарда арамшөптерге қарсы қопсыту шаралары жүргізіледі. Бірінші қопсыту -7-10 күн өткесін 6-8 см тереңдікте және үшінші қопсыту құмай түтіктене бастағанда 4-5 см тереңдікте жүргізіледі. Арамшөптерге қарсы гербицидтер де қолданады. Оны 4-6 жапырақ салған кезде шашады.
Құмайды дәнге толықтай піскен кезінде орады. Оны тиісінше жабдықталған және реттелген астық бастыратын комбайндармен жүргізеді. Құмай дәнінің ылғалдылығы 20% жоғары болған жағдайда оны бөлектеп жинайды. Ол үшін құмай жинайтын (СМ-2,6) машинаны қолданады. Құмайды сүрлем салуға дәні сүттене – балауызданып піскенде, көк азыққа – шашақтанғанға дейін жинайды. Құмайды ақуыздық дақыл ретінде ықтырма сүрі жерге себуге болады. Бұл жағдайда құмай қосымша көк азық көзі ретінде танапты арамшөптерден, топырақ эрозиясынан күресу шаралары жағынан тиімді екенін көрсетті
Біріншіден, дәл қазіргі әр тамшы судың сұрауы болған заманда бізге оны өте аз қажет ететін әрі пайдасы бар дақыл өсіру керек. Соның бірі де, бірегейі де – осы қант құмайы.
Екіншіден, ол топырақтың физикалық-химиялық құрамын жақсартады. Ол не деген сөз? Ұдайы күріш егілген жердің үстіңгі қабаты қатты болады. Ал оның астыңғы қабаты мүлде демалыссыз жатады. Құмайдың тамыры қатты қабатты жарып, астыңғы қабатқа өтеді. Одан кейін сол арқылы ауа, су айналымға түсіп, топырақта тіршілік пайда болады.
Былайынша айтқанда, құнары арта түседі. Ал химиялық деп отырғанымыз біздің топырақта тұздың үлес салмағы өте көп. Қай жерді алып қазсаңыз, тұз болады. Бұл өсімдік тұзды бойына сіңіріп, өзіне қоректік зат ретінде пайдаланады
Мал азығында маңызы зор. Одан бөлек, терең өңдеу арқылы, ғылыми тілде кластер деп те жатады, сол арқылы ұн, жарма, крахмал, спирт өндірісінде пайдалануға болады. Сабағынан қағаз, сыпыртқы, басқа да құрылыс заттарын ала аласыз. Ең ерекше қасиеті – өте құрғақ аймақтарда да жоғары өнім береді. Суға онша-мұнша тәуелділігі жоқ осы бір ғажап өсімдіктің отаны Африка деп те айтылады. Жүгері тәріздес дамиды. Әлемде одан 50-ге жуық өнім алуға болатыны дәлелденіпті. Түріне қарай биіктігі 5 метрге дейін арта беретін өсімдіктің малға берер құнары да ерекше. Бір ғана мысал, құмай сабағын басқа елдің фермерлері қыс ортасына дейін сақтайды екен. Әсіресе, сүтті сиырмен айналысатын кәсіпкерлер құмайдан дайындалған шөп бумасын қыста ғана сүті азайған сиырларына береді. Бір ғажабы, осы дақылмен азықтанған малдың сүті де тез қалпына келген. Бірден ет алып, қоңдануға да көп көмектеседі екен
Зерно сорго служит для выработки муки, крупы, крахмала, спирта.
Из стеблей некоторых видов растения вырабатывается патока – сорговый сироп или сорговый мёд.
Из соломы изготовляют плетёные изделия, бумагу, веники.
Зелёная масса идёт на силос
Распространение
Около 50 культурных и диких видов, произрастающих или возделываемых в Азии (преимущественно в юго-западной части ),Африке (Экваториальной и Южной), Южной и Северной Америке, Европе (на Юге континента), Австралии. Также сорго выращивается и на юге России и в степной зоне Украины, в Молдавии.
Биологические особенности строения
Корневая система - мочковатая, сильно разветвленная
Соцветие - метелка длиной - 15-50см. Зерно - пленчатое, голое, обычно плотно охваченное колосковыми чешуйками.
Место сорго в севобороте
Сорго обычно размещают после пропашных, озимых, зернобобовых культур.
Сорго - хороший предшественник во влажных районах для поздних яровых. Сорго переносит повторные посевы. Однако при бессменном возделывании этой культуры сильно иссушается подпахотный слой почвы.
Почва
Сорго довольно неприхотливая культура к почвам и может произрастать на плодородных суглинках, лёгких песчаных и хорошо аэрируемых глинистых, чистых от сорняков почвах.
Благодаря мощной корневой системой, сорго может давать удовлетворительные и хорошие урожаи в течение ряда лет на обедненной и истощённой для других злаков почве.
Плохо растёт на кислых почвах.
Температура
Сорго — культура теплолюбивая и засухоустойчивая. Оптимальная температура для прорастания семян, роста и развития растений составляет +20…+30С.
Растения не переносят заморозков в любой фазе развития. Весенние заморозки могут полностью уничтожить или значительно изредить посевы, поэтому не стоит торопиться со сроками посева.