240
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
лей, хирургиялық әдісті, яғни
операцияны бірінші ретпен
жасау қажеттігін, немесе химиотерапиядан кейін ісіктің
көлемін кішірейтіп барып, жасау керектігін анықтаған жөн.
Егер, ісіктің өсу дәрежесі I-II сатыда болып, оның опе--
рация кезінде толық-радикалды түрде алынуына көз жеткен
жағдайда, бірінші ретпен хирургиялық әдіс қолданылады.
Кейде, осының өзінде де ісік толық алынбай жатады.
Сондықтан, әр науқасқа толық
анықтау тәсілдері жасалы--
нып, дифференциялдық талдаудан өткеннен кейін барып,
операцияға барған абзал.
Жеке хирургиялық әдіспен ғана – кіші жамбас қуысы
ісіктерінің экзентерациясы, радикалды простатэктомия,
цистэктомия, қол немесе
аяқ бөлігінің ампутациясы, көз
шарасының экзентерациясы т.б., ісікті толық алғанымен,
яғни ісік – жергілікті шыққан жерінен толық алынғанымен,
аурудан толық жазылдым деуге де әлі ертерек. Науқас кейі--
нірек берілетін метастаз ошақтарынан шетінеп кетуі мүмкін.
Сондықтан, міндетті түрде химиотерапия мен сәуле әдістері
де жасалынуы қажет. Операцияны екінші мәрте, осылардан
кейін барып та қайталауға болады.
Химиотерапия – қазіргі таңдағы негізгі емнің бірі екені
толық мойындалды. 1960 жылдарға дейін (кейбір, бірен-са--
ран әдебиеттерде) РМС-ның метастаздарына ғана берілетін
болса, қазіргі кезде ПХТ-сыз РМС-ны жеңу мүмкін емес.
РМС-ның – винкристин (VCR), дактиномицин (ACT), ци--
клофосфамид (Ctx), адриабластин ( Adr), платинол (Pl), ве--
пезид (VP-16), ифосфамид (I) – дәрілеріне сезімтал екені,
яғни осы дәрілерге тез көнетіндігі байқалған.
Американдық IRS- I – IV зерттеу хаттамалары бойын--
ша және халықаралық бала онкологтарының бірлескен со--
юзі – SIOP бағдарламасы бойынша ісіктің шыққан жеріне,
клиникалық және патоморфологиялық сатысына байланы--
сты науқастарды 2 топқа бөлеміз: