Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет147/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Сәуле терапиясы
РМС негізгі емі хирургия екені ту--


244
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ралы айтылды. Бұрынырақта тек операция амалы жасалы--
натын кезде, ісікті жанындағы тіндерімен (ағза түгелімен 
т.с.с) қоса алынатын. Мысалыға кішкентай сәбилерге: көз 
шарасының экзентерациясы, цистоэктомия – қуықтың 
толық алынуы т.с.с., үлкен операциялар жасалынса, қазіргі 
таңда химиотерапия мен сәуле емінің арқасында, яғни ісікті 
әбден өлтіріп, кішірейтіп алып барып, ағзаны сақтап қалу 
амалдары жасалынуда.
Қазіргі таңдағы жетілдірілген сәуле емін беретін 
қондырғылардың әсерінен, сәуле емінен кейін жасалынған 
операцияның (47% -ға), сонымен қатар операция ал--
дында берілген сәуле терапиясынан кейін жасалынған 
операциялардың нәтижелері (56%-ға) көтерілді. Көздің 
РМС-да мегавольт-ты сәулелік терапиядан кейін, көзі 
сақталуымен қатар науқастардың жазылуы 90% жетті. 
Сонымен, сәуле терапиясы РМС емдеудегі кешенді 
емнің негізгі бір құрамы болып табылады. Бұл тәсіл опера--
ция алдында және операциядан кейін де берілетіні жоғарыда 
айтылды. 
Операция алдындағы сәуле терапиясының мақсаты:
1) ісіктің биологиялық белсенділігін төмендету, өте 
қатерлі болып келетін әлі жақсы дами қоймаған ісіктің жа--
сушаларын бір-бірінен ыдыратып, бұзу - өлтіру арқылы 
ісіктің жайылып, тіндер мен ағзаларға ене өскен бөліктерін 
жиырып, жинап алу
2) операцияның мүмкіндігін арттыру, яғни бірден 
операцияға келмейді деген ісіктердің көлемін кішірейте от--
ырып, ағзаны сақтап қалу операция түрлеріне қол жеткізу;
Операциядан кейінгі сәуле терапиясының мақсаты:
1) операция кезінде (жайылуы мүмкін) жайылған ісік 
жасушаларының алдын алу мақсатта, сонымен қатар опе--
рация ошағынан сәл алысырақ (қан мен лимфадағы) жатқан 
жайылған ісік жасушаларын өлтіру;


245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет