БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Біздің балалар бөлімінде жылына 5-6 бала осы ауру
түрімен емделеді. Кездесу жас аралығы тұрақты емес, яғни
балалардың барлық жасында кездесуі мүмкін.
Ісікті анықтау аса қиындық туғызбайды. Ісініп – білініп,
яғни көзге томпайып көрініп тұрған жерді рентген неме--
се ультрадыбыстық зерттеу аппараттары арқылы тексеріп,
ісіктің көлемін т.б. белгілерін анықтаймыз. Ал, ангиография
жасау арқылы ісіктің құрылысын толық байқауға болады.
Рентген суретінде: ісіктің көлеңкесінде көптеген аберантты
қан тамырларының шоғырланғанын байқаймыз. І с і к к е
пункциондық биопсия жасау арқылы патоморфологиялық
зерттеулер жүргізіп, ангиосаркоманы толық дәлелдейміз.
Басқа ісіктерге қарағанда ангиосаркома, тез арада метастаз
ошағын қанмен беруі мүмкін. Метастаз ошақтарын өкпе,
сүйек ағзаларымен қатар аймақтық лимфа түйіндерінен де
көруге болады. Сондықтан ісікті неғұрлым ерте анықтап, ісік--
ке қарсы кешенді ем жүргізілсе толық жазылуға мүмкіндігі
бар. Ісіктің өсу дәрежесіне, шыққан жеріне байланысты
хирургиялық ем түрі әр науқасқа жекелей шешіледі. Ал,
химиотерапия мен сәуле терапиясы – рабдомиосаркомаға
қолданылатын кешенді емдеу хаттамасындай (протокол).
Біздің бөлімге 2003ж Көкшетау өңірінен 14 жастағы
Серік келіп түсті. Оң жақ аяғының балтыры ісініп, көлемі
ұлғайып кеткен екен. Ауру тарихын жинау үстінде, оның
бір жылдан бері ауырып жүргені, алғашында дене тәрбиесі
сабағында аяғын соғып қатты жарақаттап алғанын, одан
балтырының орта тұсында көгеріп ісік пайда болғанын біл--
дік. Тұрғылықты жерінің хирургтері осы бір жыл ішінде
үш рет операция амалдарын жасайды. Гематома, аневризма
– деп кесіп-тексеріп, кесілген жері асқынып, іріңдеп кеткен--
діктен, баланы Астана қалсының ауруханасына ауыстыра--
ды. Міне, осы жерде обход жасап жүрген хирург-министр
баладағы ісік екенін айтып, бізге жібереді. Біздің бөлімде
науқасты толық тексеріп (оң жақ балтырының Ангиограм--