Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері масында – көптеген аберантты қан тамыршалары жұмсақ
тіннен шыққан ісікті қоршап тұр), гистологиясы Ангиосар--
кома екенін дәлелдегеннен кейін кешенді ем жасалына ба--
стады. Бірақ ісіктің жайылып, қан тамырлары мен сүйекке
өтіп кеткендігінен (үш рет операциядан кейін жұмсақ ті--
нінен еш нәрсе қалмай, қалғанының өзі бұдырланып, бал--
тырын деформацияға әкелгендігінен) Серікке, оң жақ
санының төменгі бөлігінен ампутация жасауға тура келді.
Сонымен қатар ісік метастаздарының өкпеге шауып кеткен--
дігі анықталды. Науқастың халі ауыр, өйткені ісік IV өсу
дәрежесінде. Сондықтан, ұзақ уақыт бойы химиотерапия
алуға тура келеді.
СИНОВИАЛДЫ САРКОМА Өте қатерлі ісіктердің бірі. Негізінен ересек балаларда
жиі кездеседі. Біздің балалар бөлімінде жылына 2-3 бала
осы ауру түрімен емделеді. Ісік көбіне қолдың алақаны мен
аяқтың (саусақтарына жақын) бөліктерінде орналасады.
Құрылысы жағынан екі тіннен түзеледі: эпителиге ұқсас
ұршық тәріздес және фибробластарға ұқсайтын жасушалар--
дан құралады.
Ісік қолдың алақаны немесе аяқтың өкше-табан
бөліктерінен шыққан кезде, алғашында кішкене түйін (ма--
зольге ұқсап басталады) болып басталған ісік, кейіннен те--
ріден шығып, өсе келе саңырауқұлаққа ұқсайтын өсіндіге
айналады. Еш ауру сезімінсіз және де басқа белгілерсіз
өсетін ісік, ұлғая келе жанындағы сүйектерге ене өсіп, олар--
ды кеміре-жей бастайды. Міне осы кезде ғана ауру сезімдері
пайда болуы мүмкін. Ұлғайып, өскен ісік өте қанағыш келе--
ді. Ісіктің үстінен диффузды түрде қан ағатын болады және
оны тоқтату өте қиынға соқтырады. Себебі ісік шыққан же--
рін жеп, өліеттендіріп (некроз), шіріп иістенеді де ондағы
көптеп шоғырланған қан тамырлары жарылып қанның