Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет152/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

фИБРОСАРКОМА
Фибросаркома – талшықты дәнекер тінінен шығатын 
жұмсақ тіннің қатерлі ісігі. Ісіктің құрылысы: коллагенді 
талшықтар мен фибробласты жасушалардан тұрады. Негіз--
гі шығатын, орналасатын жерлеріне: сан, иық сүйектерінің 
жоғарғы (проксималды) бөліктері мен басқа да қалың 
қабатты жұмсақ тіндері бар ағзалар жатады. Ісік қалың 
бұлшық ет қабаттарының арасындағы дәнекер тіндерінен 
бастау алады. Ісік балаларда тез өсетіндіктен (фибросар--
кома – балаларға қарағанда үлкен кісілерде, оның ішін--
де әйелдерде жиірек кездеседі және өте баяу өседі), үлкен 
көлемге ие болады. Оның шеткі қырларының кескіні дұрыс, 
ал формасы дұрыс емес дөңгелек тәріздес, кейде созыла 
жатқан, әр қилы да болып келуі мүмкін. Үстіңгі қырлары да 
бұдырланып, жылжымайтын, өте тығыз болып байқалады. 
Фибросркоманы негізінен рабдомиосркомадан дұрыс ажы--
рату керек. Себебі, екеуі де қалың бұлшық ет қабаттарынан 
шығады. Рабдомиосаркома – фибросаркомаға қарағанда 
жұмсақтау болып келеді.
Сонымен қатар, ісік – шеткі аймақтық нерв 
талшықтарының сыртқы қабықтарынан да шығуы мүмкін, 
онда олар – нейрофибросаркомалар деп аталынады. 
Фибросаркома – 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін 
болса (ондай ісіктерді іштен туа пайда болған ісіктердің 
қатарына жатқызады), оларға негізінен тек хирургиялық ем 
жасалынады. Операция амалы ісіктің толық шыққан бұлшық 
етімен, оның қабығы-фасциясымен қоса алынғаны жөн. 
Осымен ем тоқтатылады. Ал ісік радикалды түрде алынбаса, 
міндетті түрде ісіктің қайталануы-рецидиві байқалады. Ере--
сек балаларда, 10 жастан кейін кездесетін фибросаркомалар 
өте қатерлі болып келеді (үлкен кісілердегі фибросаркома--
мен бірдей емделеді), әрі оның емі тек хирургиялық еммен 
бітпейді, оларға емнің кешенді түрі жасалынғаны дұрыс. 


250


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет