Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
2) операциядан алынған ісіктің тінітексеру кезіндегі,
ісік ошағында қалып кеткен ісіктің бөліктерін өлтіру;
РМС –да берілетін БСМ 30-60 Гр-ге дейін 3-6 аптада,
яғни аптасына 5 рет 2 Гр-ден беріледі. Операция алдында,
алынатын ісікке берілетін БСМ 30 Гр, ал операциядан кейін
ісіктің толық алынған түрінде 40-45 Гр, 50 Гр – егер ісік жа--
сушалары операциядан кейін, кесілген тіндердің жағасында
микро түрінде қалған деп гистологиядан дәлелденсе, жаса--
лынады. Ал, тек қана сәуле терапиясы қолданылатын болса,
БСМ 55-60 Гр – дейін жеткізілгені жөн.
АНГИОСАРКОМА
Ангиосаркома – қан тамырларынан шығатын қатерлі
ісіктің түрі. Балаларда, негізінен бас пен мойын айналасын--
да кездескенімен, дененің кез-келген жерінен, әсіресе қол-
аяқ бөліктерінен жиі шығады. Ісіктің бастау алған жасуша--
ларына байланысты гистологиялық гемангиоэндотелиома,
гемангиоперицитома деген түрлері кездеседі.
Ангиосаркома көпке дейін білінбей, ешқандай белгі--
сіз, ауру сезімінсіз өседі. Белгілі бір дәрежеге жеткен кез--
де ғана, ісіктің шыққан жері көгеріңкі болып (ұрып алғанға
ұқсайды, кейде науқастар оны жарақаттарымен байланы--
стырады) білініп, ісіне бастайды. Бірақ, ісікке тән ауру се--
зімі болмаса т.б. да белгілер аурудың алғашқы сатысында
байқалмайды. Қандай да бір белгілердің басталуы ісіктің
көлеміне, оның шыққан жеріне, яғни қасындағы ағзаларды,
тіндерді қысуынан туындайды. Ісіктің осы кезін, яғни ісі--
ніп, көгеріп тұрған жерді көрген (еш белгісіз пайда болған
ісік) жалпы сеттегі дәрігерлер – оны гематомамен, липома--
мен, жарақаттың кейбір түрлерімен шатастырып жатады.
Кейбіреулері оған, операция амалдарын жасап, яғни ісінген
жерді кесіп, ешнәрсе таба алмай, ісіктің өршуіне, тарауына,
асқынуларына жол береді.
246
Достарыңызбен бөлісу: |