БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ағуына әкеледі.
Ісікті анықтау мамандарға аса қиын емес, яғни
жоғарыда айтылған белгілеріне қоса, рентген суретін жасап,
жанындағы сүйекпен қатынасын байқағанымыз жөн. Содан
кейін, ісікке биопсия жасау арқылы патоморфологиялық
зерттеуден өткіземіз.
Негізгі емі болып, ісіктің алғашқы кезеңінде
хирургиялық ем жасау, яғни ісікті шыққан жерімен қоса –
сүйегімен ампутация жасаған жөн, әрі химиотерапия жасау
қажет. Себебі, бұл ісік те метастаз ошағын (тез арада өкпеге,
бауырға және қаңқаның кез-келген сүйегіне) беріп, жайыла--
тын ісіктер қатарына жатады. Ісік дер кезінде анықталып,
кешенді ем жасалынса, толық жазылуға мүмкіндігі бар.
Біздің бөлімге 2003 жылы Шығыс Қазақстан өңірінен 12
жастағы Қарагөз есімді қыз баласы келіп түсті. Қарагөздің
сол алақынының төменгі бөлігінде (қолы дәкемен оралған,
себебі ісіктен қан аққыш келеді, соны ашқаннан кейін) d-
10см жуық, сыртқа саңырауқұлақ тәріздес болып шыққан,
жағымсыз шіріген иісі бар ісікті көрдік. Ісікке пункционды
биопсия жасап, қайта жуып, таңдық. Ісіктің шыққанына бір
жарым жылдай уақыт болған. Басында кішкентай-ноқат
(мазоль) тәріздес, түйін болып басталған өсінді, келе-келе
ұлғайып, жарылып, жараға ұқсап қанай беретін болған.
Тұрғылықты жерінде ем алғанымен ешқандай жазылмаған.
Қанның ағуы науқаста қаназдылыққа және қанның дер ке--
зінде ұйып тоқтамауына, яғни ДВС-ң алғашқы сатыларына
әкелген.
Цитологиялық тексеруден кейін – Синовиалды саркома
екені анықталды. Баладағы асқынған ауру түрлерімен
қатар ісікпен күресу өте қиындыққа соққанымен, қолына
жасалынған ампутациядан кейін жағдайы дұрыстала ба--
стады. Содан кейін барып, кешенді ем жасалынды.
249
Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
Достарыңызбен бөлісу: |