Сүйектің қатерлі ісіктері
кейін қойып кетеді. Содан бір-екі аптадан кейін қайтадан
тура солай ойламаған жерден ауру сезімі қайталанады.
Саша сол аяғының сол жақ бетінің сәл ісінгенін байқайды
(Ісік асықты жіліктің шыбығынан, проксималды бөлігінен
шыққан). Олар – Хирургия орталығына қаралып, сонда
операция жасалынады. Сол жақ аяғының, асықты жілігінің
– шыбығының (малоберцовая кость) жоғарғы 1/3 бөлігіне
резекция жасалынады (кесіп аланады). Диагнозы: сүйек фи--
бромасы деп,– айтылады. 6 айдан кейін Саша тағы да сол
орталыққа аяғын лақтырып, сылтып басатын болағандықтан
қайта барып, қаралады. Одан, Саша ата-анасымен Ресейге
барып, сонда Илизаров атындағы Ортопедия-травматоло--
гия институтында қаралады. Сол жерде тексеру үстінде Са--
шадан оң жақ сан сүйегінен, өкпенің екі жағынан, мидан
– Юинг саркомасының метастаз ошағы анықталып, бір курс
химиотерапия емін жүргіп, бізге жолдама береді.
Ісіктің “белгісіз” ағымы.
Ісіктің бұл түрі өте сирек
кездеседі. Мұндағы бір ерекшелік ауру сезімінің болма--
уы, ал ісініп-томпайған ісікті ойда-жоқта баланың өзі не--
месе ата-анасының байқауы арқылы анықталады. Тағы
бір, осы ісіктерге тән ерекшелік сүйектің патологиялық
сынуының көптеп кездесуі. Яғни, Юинг саркомасы мен ре--
тикулосаркомамен зақымданған сүйек тіндерінде болатын
деструкциялық үрдістердің қарқымды жүруінен, сүйек же--
лініп-бұзылады да, бала ойламаған жерден жарақат алған
жағдайда, сол зақымданған жерін сындырып алуы мүмкін.
Катя И., 14 жаста. 1993 ж. маусым айында оқыстан
машинаның астына түсіп, жарақат алады. Жарақаты
«сан сүйегінің ашық сынығы». 1- ҚБКА-ң травматология
бөліміне түсіп, балаға операция амалы жасалынады. Бір ай
өтсе де, қыздың сынған сүйегі бекітілмейді, яғни «сүйек ма--
золі байқалмайды. Дәрігерлер кеңесінен кейін, балалар он--
кологы шақырылып, қызды тексергеннен кейін, онкология
бөліміне Юинг саркомасы – диагнозымен ауыстырып, сонда
292
Достарыңызбен бөлісу: |