БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Ісікті анықтау әдістері Жоғарыда көрсетілгендей, ісіктің клиникалық вариант--
тарына байланысты, бұл ісіктерді де дер кезінде анықтау –
басқа да балалар ісіктері сияқты өзінің қиыншылықтарымен
ерекшелінеді. Ауруды анықтаудағы негізгі зерттеу құралына
– Рентген әдісі жатады. Рентген суретін - әрине, ісік ошағы
бар сүйекке, оның зақымданған бөлігіне жасайды. Егер ісік
сүйектің метафиз бөлігінде болса, ісік ошағы сүйектің ше--
тіне қарай орналасады да, ал диафиз бөлігінде – ортасына
таман орналасады. Ісіктің алғашқы сатысында ісік сүйек
кемігі қуысында орналасатындықтан – оны анықтау өте
қиын. Бірақ, қазіргі таңда компютерлі томография (КТ) мен
магнитті резонанс (МРТ) зерттеулері пайда болғандықтан,
бұлар тек рентген әдісін толықтырып қана қоймай, әсіресе
жұмсақ тіндегі өзгерістерді дер кезінде анықтауға, ісіктің
толық топографиясын, метастаз ошақтарын ерте анықтауға
мүмкіндік туғызуда.
ЮС-ң рентген көрінісінде негізінен деструктивтік және
реактивтік сүйек құру үрдістерінің бірге жүруі байқалады.
Деструктивті үрдісі – бір-біріне қосылып жатқан кішірек
ошақтар мен қатаю «склероз» аймақтарымен көрінеді. 60%
жуық сүйектің желіну үрдісімен, 25% жуық реактивтік сүйек
құруымен және 15% жуық сүйектің «склероз» ошақтарын
түзуімен байқалады.
Ісік түтікше сүйектердің диафиз бөлігінде, оның сүйек
кемігі қуысынан басталатын болғандықтан, рентген су--
ретін мұқият сараптау кезінде, оның, яғни сүйектің кемік
қуысының кеңейгенін, ал сүйектің кортикалды (қабықты)
қабатының іш жағынан бастап жұқара бастағанын байқауға
болады. СебебІ, ісік сүйекті кемік қуысынан сыртқа қарай
кеміріп жей бастайды.
Деструкция ошақтары түтікше сүйектерінде “созыла”
ұзына бойы, диафиз бойына орналасып, шет-қырларының