Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет176/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
Ісіктің “үздіксіз” ағымы.
Негізгі, өте жиі кездесе--
тін түрі. Ісік ауру сезімімен басталып, бірнеше уақыттан 
кейін зақымданған ортаның томпайып ісіне бастауымен 
байқалады. Ауру сезімімен бірге дене қызуының көтерілуі, 
наухастың жалпы халінің нашарлауы, егер ісік аяқ сүйегінде 
орналасса – баланың ақсаңдай бастағанын байқаймыз. 
Ісіктің бұл түрі – үнемі өршуімен, өте қатерлілігімен тез 
метастаз ошағын – өкпеге, қаңқаның кез-келген сүйегіне, 


290
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
миға, т.б. ағзаларға беруімен ерекшелінеді.
Сергей С., 11 жаста. 1996 ж. наурыз айында біздің 
бөлімшеге БҚО – нан түсті. Бала мен ата-анасынан ауру 
тарихын жинаған кездегі мәліметтерге сүйенсек: қаңтар 
айында ойда жоқта сол жақ аяғы (сол жақ асықты жілігі) 
ауыра бастайды. Сергейдің айтуынша ешқандай жарақат 
алмаған. Ауру сезімі түнде үдей түсіп, дене қызуының 39-
40С дейін көтерілуіне ұласады. Екі-үш күн ішінде ауру се--
зімі үдеп бара жатқандықтан, ауруханаға балалар хирургіне 
қаралады. Ондағылар – асықты жіліктің жедел гемотогенді 
остеомиелиті деп, антибактериалды ем жүргізуді бастайды. 
Баланы Алматыға – Педиатрия орталығына санавияциямен 
ауыстырып, онда, Сергейге операция амалы, яғни остео--
перфорация түрі жасалынады. (Дәрігердің айтуынша опе--
рация кезінде сүйектен «ірің» табылмайды). Операциядан 
кейінгі, 5-ші күні баланы онкологқа, біздің бөлімге әкеледі. 
Рентген суретіне қарап-ақ, аурудың Юинг саркомасы екені 
анықталып, цитология арқылы дәлелдегеннен кейін, Сергей 
онкологияның балалар бөліміне ауыстырылды.
Ісіктңі “толқын тәрізді” ағымы. 
Мұнда атына сай, 
ісік қайталанып отыратын “ұстама” ауру сезімдерімен, 
яғни ауру сезімі бір болып тоқтап, қайта жаңарып отыра--
ды. Ауру сезімі дене қызуының көтерілуімен көрінеді. Ал, 
бұл белгілерінің тоқтап-жоғалатын уақыты (светлый про--
межуток) бірнеше аптадан – бірнеше айға созылуы мүмкін. 
Осындай қайталанып отыратын “өршу” кезеңінде (2-3 
реттен аспайды) томпайып ісік біліне бастайды, ауру се--
зімі тұрақты күйге ауысады. Мұндай қайталанып отыра--
тын ұстаманың әрқайсысы, бір-бірінен басымырақ болады 
және де осындай бір қайталану кезеңінің биігінде метастаз 
ошағын беруі ықтимал.
Александр К., 14 жаста. 1999 ж. маусым айында сол жақ 
аяғының (тізесінің асты) ауырғанына шағымданады. Ауру 
сезімі қатты, яғни сүйегі қатты қақсап ауырып, екі-үш күннен 


291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет