Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің 4«В»-сынып оқушысы Толоконников Тимофейдің қазақ тілі пәнінен



Дата09.02.2020
өлшемі91,3 Kb.
#57519
Байланысты:
мониторинг, талдау

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің 4«В»-сынып оқушысы Толоконников Тимофейдің қазақ тілі пәнінен

динамикалық деңгейі бойынша мониторингі

2019-2020 оқу жылы

І жарты жылдық






Аты-жөні

Қабылдауы

Естуі

Есте сақтауы


Көруі

1

Толоконников Тимофей


3

5

3

4



Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Даутова М.А

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі пәнінен 4 «В» сынып оқушысы Толоконников Тимофейдің

үйде оқыту мониторингі

2019-2020 оқу жылы






Аты-жөні

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІж\жылдық

1

Толоконников Тимофей

3

3

3




Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Даутова М.А

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің

үйде оқыту бойынша 5 «Б» сынып оқушысы Ли Евгенидің

қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмыстарын талдау

2017-2018 оқу жылы





Қазақ тілінен жазба жұмысы бойынша білім сапасын сараптау:
Екінші сыныпта қазақ тілі сабағы жүргізілді. Сабақ ауызша айту, тыңдау, баяндау, түсіндіру түрінде өтілді. Құрал-жабдықтармен жұмыстар жүргізілді.

Оқушының кіріспе бақылау жұмысы мен екінші сыныптағы қорытынды бақылау жұмысын салыстырып қарағанда, білім сапасы 4 болды

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Искакова

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің

үйде оқыту бойынша 4 «Б» сынып оқушысы Ли Евгенидің

қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмыстарын талдау



2016-2017 оқу жылы

Қазақ тілінен жазба жұмысы бойынша білім сапасын с І тоқсан мен ІІ тоқсан бақылау жұмысының білім сапасы 4 болды. Сабақ ауызша баяндау түрінде өтеді. Құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізіледі.

Евгении қалай амандасу керектігін, қазақ тіліне тән әріптер мен дыбыстарды, үй жануарлары, сандар, түр-түстер, мезгілдер, қалалар, отбасы туралы түсінік алып, үйренді. Евгении тапсырмаларды тек ауызша ғана орындай алады. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада жоспарланған тақырыптар толық өтіліп, мағлұмат берілдіҚазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Искакова



Қазақ тілі пәнінен 4 «В» сынып оқушысы Толоконников Тимофейдің

2019-2020 оқу жылындағы

І жартыжылдық бойынша есебі

Толоконников Тимофейге қазақ тілі аптасына 1 сағат бөлінген.

І жартыжылдықта 16 сағат өтілді. Тимофей қазақша оқуда, санауда мұғалімнің көмегін қажет етеді. Себебі оның есте сақтау қабілеті төмен. Сондықтан әріптерді, сандарды, буындарды жақсы ажырата алмайды. Оқу техникасы орташа. Құрал-жабдықтармен жұмыс кезінде қызығушылық танытады. Сабақ көбіне ауызша баяндау түрінде өтеді. Тез шаршайды, өте баяу қабылдайды. Тимофей қазақ тіліне тән әріптер мен дыбыстарды енді біліп келе жатыр . Үй жануарлары, түр-түстер, мезгілдер, отбасы туралы мағлұматтар алды. Тимофей мәтіннің мазмұнын, өз ойын мұғалімнің көмегімен айтады. Тілдік ұғымдарды, терминдерді толық түсіне бермейді. Қазақ тілі сабағын көбіне ойын түрінде жүргіземін. Үй тапсырмаларын өз бетінше толық орындай алмайды. Тимофейдің қазақ тілінен білімін жыл басындағымен салыстырғанда жақсы деуге болады. Ол өзінің отбасы туралы, олардың қайда жұмыс істейтіні туралы сұрақтарды түсінеді. Сұраққа әзірге орысша жауап береді, бірақ бұл да жетістік .

Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада жоспарланған тақырыптар толық өтілді, мағлұмат берілді.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.А.Даутова

Қазақ тілі пәнінен 4 Б - сынып оқушысы Ли Евгениидің

2016-2017 оқу жылындағы ІІ жартыжылдық бойынша есебі
Ли Евгенииге қазақ тілі аптасына 0,5 сағат бөлінген. Тоқсанға, жылдыққа белгіленген сағаттар толық өтілді. Өтілген тақырыптар бойынша мұғалімнің көмегімен сөйлем құрауды біледі. Евгении оқиды, санайды, мұғалімнің көмегімен аударады. Әріптерді, сандарды, буындарды ажыратады. Оқу техникасы орташа. Құрал-жабдықтармен, слайдтармен жұмыс кезінде қызығушылық танытады. Сабақ ауызша баяндау түрінде өтеді. Тез шаршайды, баяу қабылдайды. Евгении қалай амандасу керектігін, қазақ тіліне тән әріптер мен дыбыстарды біледі. «Біздің отбасымыз», «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның астанасы», «Менің туған жерім», «Біздің қала», «Мамандықтар», «Жыл мезгілдері», «Менің досым», «Күн тәртібі», «Уақыт өлшемдері», «Мезгіл», «Жануарлар», «Үй жануарлары», «Жабайы аңдар» тақырыбында мағлұматттар алды.

Евгении тапсырмаларды тек ауызша ғана орындай алады. Өтілген тақырыптың мазмұнын, өз ойын мұғалімнің көмегімен айтады. Тілдік ұғымдарды, терминдерді толық түсіне бермейді. Үй тапсырмаларын өз бетінше толық орындай алмайды. Евгении өзінің отбасы туралы, олардың қайда жұмыс істейтінін, немен шұғылданатынын, достарының кім екенін, мектебі туралы, сандарды, түр-түстерді, өзінің туған жерін, күн тәртібін, жыл мезгілдерді, апта күндері, ай аттары, оқу құралдары, үй жануарлары мен жабайы аңдар, жазғы демалыстуралы біледі. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада жоспарланған тақырыптар толық өтілді, мағлұмат берілді.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Искакова

Қазақ тілі пәнінен 4- сынып оқушысы Исмайлов Сабырбектің

2017-2018 оқу жылындағы

І жартыжылдық бойынша есебі

Исмаилов Сабырбекке қазақ тілі аптасына 0,5 сағат бөлінген. Сабырбек басынан соққы алу салдарынан көп нәрсені ұмытып қалған, мысалы өте оңай сұрақтың өзіне де ойланып жауап береді. Жыл басында көп сөйлемейтін, көбіне басын изеу арқылы жауап беретін. Қазіргі ол сұраққа жауап беруге талпынады, бірақ әлі де жұмыс жасауды қажет етеді. Сабырбек әріптерді, сандарды, буындарды жақсы ажырата алады. Оқу техникасы орташа. Бірақ өзіне сенімсіз, жауап беруде тартынып тұрады. Құрал-жабдықтармен жұмыс кезінде қызығушылық танытады. Сабақ жазбаша, ауызша өтеді.Қазақ тіліне тән әріптер мен дыбыстарды жақсы ажыратады. Үй жануарлары, түр-түстер, мезгілдер, отбасы туралы айта алады, бірақ өте қиналып,әр жауабын аузынан әрең сұрап алғандай боласың. Өтілген тақырыптың мазмұнын, өз ойын мұғалімнің көмегімен айтады. Үй тапсырмаларын өз бетінше толық орындай алмайды. Отбасында баланы әжесі соңғы уақытта қатты еркелетіп жіберген, көбіне ата- анасын тыңдамайды, соның салдарынан үй тапсырмасы көбіне орындалмай қалады. Сабырбек суретпен жұмыс жасауды жақсы көреді. Ол өзінің отбасы туралы, олардың қайда жұмыс істейтіні туралы сұрақтарды түсінеді, жауап береді. Сұраққа әзірге толық жауап бере алмайды.

Фонетикалық талдау жасай алмайды, сөздікпен мәтінді аударады, мәтіннен түсінгенін айтып бере алмайды. Әлі де көп жұмыс жасауды қажет етеді.

Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада жоспарланған тақырыптар толық өтілді, бақылау жұмыстары уақытында алынды.


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.А.Даутова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет