Органикалық әлем эволюциясы дәлелдері



бет6/6
Дата03.06.2020
өлшемі1,34 Mb.
#72151
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Органикалық әлем эволюциясы дәлелдері

Биохимиялық дәлел

  • Биохимиялық дәлелдер молекулалық-генетикалық дәлелдерден кейінірек пайда болды. Бұл да сол қағидаларга негізделген, алайда мұнда негізінен жұмыснәруыздардың аминқышқылды құрамымен жүргізіледі. Белгілі нәруыздардың әр алуан түрлеріндегі аминқышқылдардың реті айқындалады, сондай-ақ олардың ұқсастық дәрежесі бойынша туыстық дәрежесі туралы пікірлер айтылады. Әр алуан химиялық препараттардың реакцияларын зерттеу де осыған жатады. Жаңа дәрі- дәрмектерді сынау алдымен шимпанзеге жасалады, өйткені жануарлардың бұл түрі биохимиялық тұрғыдан адамға жақын. Бұдан басқа адам және адамтәріздес маймылдардың қан тобы ортақ. Биохимиялық тұрғыдан жақын әр алуан түрлер дарақтарына ұлпалары мен мүшелерін ауыстырып отырғызуға болады.

Қалдықтар мен арғы тектік белгілер

  • Қалдықтар (рудимент) мен арғы тектік белгілердің (атавизм)эволюциялық дәлел екені.Алыс ата тектеріне тән болған мүшелер қалдықтар (рудимент) деп аталады. Олар өз мәнін жойғанмен де түр бойында сақталып қалады. Киттектестердің жамбас сүйектері қалдықка мысал бола алады. Сулы ортада өмір сүруге көшуіне байланысты киттердің артқы аяғы өзгеріп (жойылып), өз міндетін жойғанына қарамастан, жамбас сүйектері сақталып қалды. Адамда да қалдықтар көп. Бүкіл адам денесіндегі (табанда, еріннің қызыл көмкермесі және алақаннан басқа) түк баданасы; омыртқа жотасының құйрық бөлігіндегі қалдық - құйымшақ; түктерді тікерейтуге қатысатын бұлшықеттер; құлақ қалқанын қимылдататын бұлшықеттер қалдықтарға жатады. Барлық қалдықтардың саны 200-ге дейін жетеді. Бұл мүшелер өмір бойы, әдетте, пайдаланылмайды, алайда біздің ата тектерімізің генінде болып, дамығандықтан, сақталып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет