Органикалық химия пәнінен 050113



бет2/45
Дата20.06.2018
өлшемі13,06 Mb.
#43675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45



Синхронды деп SN2 типінің реакциясын айтамыз, өйткені процестің жүруі кезінде ескі -байланыстың (С-Br) үзілуі және -байланыстың

(С-ОН) түзілуі бір мезгілде өтеді.



Асинхронды деп SN2 типінің реакциясын айтамыз, өйткені процестің жүруі кезінде ескі -байланыстың (С-Br) үзілуі және жаңа -байланыстың (С-ОН) түзілуі әр түрлі мезгілде өтеді.

«
Вальдендік айналу»
немесе «конфигурацияның айналуы» бұл ескі (С-Br) байланысының ыдырап, және көміртегі атомы қайтадан sp3 – күйге ауысатын процестегі конфигурацияның өзгеруі; сонымен қатар реакция өнімі бастапқы конфигурациясына қарама-қарсы тетраэдр күйінде түзіледі. (суретте)

Гиперконьюгация эффектісі (асқын қабысу) - -орындағы С-Н байланыстарының бойымен электрондардың қарама-қарсы зарядталған немесе қанықпаған көміртегі атомына қарай ығысуы.

Электрофильді реагенттер деп электронакцепторлы қасиетке ие бола отырып, реакция кезінде қарсы жұптасының (нуклеофильмен) бөлінбеген электрон жұптарымен акцепторлы байланыс түзе алатын бөлшектерді айтады. Оған Льюис қышқалдарын (BF3, BCl3, AlCl3, FeCl3, SnCl4, CO3, +NO2, +NO т.б.). Яғни бос орбиталдары бар катиондар байланысты поляризациялауға қабілетті күшті полярлы ион жұптары және нейтралды қосылыстар жатқызылады. Электрофильді реагенттерге орбиталдары толтырылмаған атомдары бар барлық нейтралды қосылыстар немесе электронға тартылуға жоғары қабілеті бар қосылыстар жатады:

Н- электрофилі – Н+Х- (күшті қышқылдар).

В- электрофилі – BF3, BCl3, BR3.

С-электрофилі -RC+X- (карбокатионы), күшті полярлы байланысы бар қосылыстар R3C+-X-, R2C+=X-; RC+N-, хиноны.

N- электрофилі – N+OX- (нитрозоний тұздары), N+O2X- (нитроний тұздары), R2N+-X-, R-N2+X- (диазоний тұзы).

O- электрофилі –R-S+-X- HS+O3X-; SO3 (пероксидтер).

Галогендер – F2Cl2, Br2, I2 (Льюис қышқылдары қатысында).

Электрофильдігі – электрофильді реагенттің жалпы субстратқа салыстырмалы реакциялық қабілетін сипаттайды. (көміртегі атомын шабуылдауға қабілеті).

Нуклофильдік дегеніміз реагенттің субстраттың оң зарядталған орталығымен әрекеттесуі кезінде жаңа ковалентті байланыс түзу үшін электрон жұбын бере алу қабілеті.

Аниондар (толық теріс заряды бар бөлшектер) сәйкес нейтрал молекулаларға қарағанда нуклеофильдік сипаты өте айқын. Мысалы, RO:; HO:; RS: аниондары ROH; HOH; RSH типті молекулаларға қарағанда күшті нуклеофильді реагент болып табылады.



Орта, пара ориентанттар немесе І-текті орынбасарлар – бензол сақинасына электронын беріп, бензол ядросының электрон тығыздығын жоғарлату арқылы, оның электрофильді орын басу реакцияларында активтілігі арттыратын электрон донорлы атом топтары (тек галоген атомдарын жатқызбайды).

- O - > -NR2 > -OH >OR > -NH-C-R > -O-C-R

-NHR  

-NH2 O O

күшті аткивтендіреді орташа активтендіреді

> -R > -C6H5 > -CH2COOH > - Cl : > - Br : > - I:


әлсіз активтендіреді активсіздендіреді


Мета-ориентанттар немесе ІІ-текті орынбасарлар деп ядродан электрондарды өзіне тартып, бензол ядросының электрон тығыздығын азайту арқылы, электрофильді орын басу реакцияларында оның активтілігін төмендететін электронакцепторлы топтар. Оған жататындар: -NR3 > -NO2 > -CN > -SO3H > -CCl3 > -CHO > -CRO > -COOH > -COOR> > -CONH2.

Статикалық фактор – бұл реакцияға түспеген молекулаладағы электрон тығыздығының таралуың, индукциялық эффекті ()І және мезомерлік эффекті ()М әсерімен сипатталады.

Динамикалық фактор – реакцияға түскен молекуладағы электрон тығыздығының индукциялық ()І және мезомерлік ()М эффекті әсерімен қайтадан таралуы.

Нуклеофильді қосылу реакциясы – нуклеофильді реагенттің электрон жұбымен оң зарядталған карбонильді көміртегінің әрекеттесу реакциясы.

Электрофильді қосылу реакциялар – бұл электрофильді реагенттің С=С қос байланысының -электрон бұлттарымен әрекеттесу реакциясы, нәтижесінде -комплекс арқылы қосылу өнімі түзіледі.



Диазотирлеу реакциясы – біріншілік ароматты аминдерге азотты қышқылмен (немесе натрий нитритімен минералды қышқылдар HCl, H2SO4) әсер ету арқылы диазоқосылыстарды алу әдісі.

Ar – NH2 + NaNO2 + 2HCl [Ar-N+N:]: Cl- + NaCl + 2H2O

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет