Алу тәсілдері:
Номенклатурасы: Алғашқы төрт көмірсутектер: метан, этан, пропан, бутан деп аталады, одан кейінгі көмірсутектерде бірінші мүшесінен бастап, гректің сандық атауларының түбіріне «-ан» жұрнағы қосылып айтылады. Бірвалентті радикалдар (алкил топтар) көмірсутектердің атауындағы «-ан» жұрнағын «-ил» жұрнағына алмастыру арқылы аталады.
СnH2n+2 жалпы формуладағы көмірсутектер атауы
р/с
|
Формуласы
|
Атауы
|
р/с
|
Формуласы
|
Атауы
|
1
|
CH4
|
метан
|
9
|
C6H14
|
гексан
|
2
|
C2H6
|
этан
|
10
|
CH3-CH-CH2 -CH2-CH3
CH3
|
изогексан
|
3
|
C3H8
|
пропан
|
11
|
C7H16
|
гептан
|
4
|
C4H6
|
бутан
|
12
|
C8H18
|
октан
|
5*
|
CH3 – CH - CH3
CH3
|
изобутан
|
13
|
C9H20
|
нонан
|
6
|
C5H12
|
пентан
|
14
|
C10H22
|
декан
|
7*
|
CH3–CH -CH2 -CH3
CH3
|
изопентан
|
15
|
C11H24
|
ундекан
|
8*
|
(CH3)4С
|
неопентан
|
16
|
C12H26
|
додекан
|
*- тарихи аты сақталған
Радикалдардың атауы
р/с
|
Формуласы
|
Атауы
|
1
|
-СН3
|
Метил
|
2
|
-СН2-СН3
|
Этил
|
3
|
-СН2-СН2-СН3
|
Пропил
|
4
|
-СН2-СН2-СН2-СН3
|
Бутил
|
5
|
-СН2-СН2-СН2-СН2-СН3
|
Пентил
| Тармақталмаған көмірсутектерге сәйкес бір сутегі атомы кем, бір валентті радикалдарды (алкилдер) бастапқы көмірсутек атауындағы «-ан» жұрнағын «ил»-ге алмастыру арқылы атайды.
Көміртегі атомдары тармақталған тізбек түзетін көмірсутектерді атаудың реті:
а) көмірсутек атомдарының неғұрлым ұзын тізбегін таңдап алады және тізбек нөмірленеді, оны бас тізбек деп атайды.
б) нөмірленген бүйір тізбектері бір валентті радикалдарға сәйкес орынбасар ретінде қарастырылады
в) алкандарды атағанда, әуелі цифрмен орынбасардың бас тізбектегі орны көрсетіледі, цифрдан соң сызықша қойылады, орынбасардың (бір валентті радикалдың) аты көрсетіледі, оған бас тізбектегі көміртегі атомдарына сәйкес алканның атын қосып жазады.
Мысалы:
3-метилпентан
Тізбекті нөмірлеуде ескеретін жағдайлар:
а) минималды мәндер ұстанымы.
Көміртегі тізбегін бүйір тізбегіндегі орынбасарлардың орны ең төменгі цифрге ие болатындай етіп нөмірлейді.
Мысалы:
Нөмірлеудің бағытына сәйкес бұл қосылыстың атауының екі вариантын қарастырайық.
2,3,5-үшметилгексан (А варианты)
2,4,5-үшметилгексан (В варианты)
А варианты дұрыс деп есептелінеді, метил топтарының орнын көрсететін цифрлардың реті минемалды мәндер ұстанымының талабына сәйкес (2,3,5 мәндері 2,4,5 мәндеріне қарағанда төмен).
Физикалық және химиялық қасиеттері
Қалыпты жағдайларда метан,этан,пропан, және бутан (С1-С4) түсі, иісі, жоқ газдар суда аз ериді Одан кейінгі гомологтары (С5-С15)-сұйықтар (200С) жоғары гомологтары (С16 және одан жоғары) –қатты затттар. Алкандар едәуір инертті затттар, олар текС-Н байланыстары симметриялы( радикалды) үзілуімен өтетін орынбасу реакцияларына қатысады. Бұл реакциялар қатаң жағдайда өтеді(жоғары температура,жарық)
Достарыңызбен бөлісу: |