Азобірігу реакциясы деп ароматты диазоний тұздарының ароматты аминдермен, фенолдармен әрекеттесуі арқылы, азобояғыштарды алу реакциясын айтамыз.
[C6H5N+N:]: Cl- + C6H5OH C6H5N=N-C6H4-OH + HCl.
n-оксиазобензол
Бәсекелесетін реакциялар – бұл келесі факторлардың: субстрат құрлысы, орнын басатын топтың, реагенттің активтіілігі, еріткіш және катализатор әсеріне байланысты бірнеше соңғы өнімнің түзілуіне әкелетін реакциялар.
Құрылымдық изомер – молекуладағы атомдардың орналасу реті бойынша өзгешеленетін заттардағы изомерияның түрі.
Кеңістік изомерия – қос байланыстары (С=С, C=N т.б.) бар заттарда қос байланыс жатқан жазықтыққа қарағанда орынбасарлардың орналасуынның әр түрлі жағдайына және ароматты емес циклді қосылыстарда циклдердің орналасуына байланысты изомерияның түрін айтады.
Кето-енолды таутомерия – бұл бір заттың бірімен –бірі тепе теңдікте болатын және бір-біріне жеңіл ауыса алатын изомерлік форма (динамикалық изомерия)
СН3-СО –СН2-СООС2Н5 СН3-С(ОН)=СН-СООС2Н5
кетондық формасы енолдық формасы
Оптикалық активтілік – заттардың жарықтың поляризация жазықтығын бұруға қабілеттілігі.
Оптикалық изомерлер (немесе айна изомерлері деп) молекуласының құрлысы хиральді, ассиметриялы көміртегі атомы бар, сондай-ақ бұрылу бұрышының таңбасы бойынша өзгешеленетін, бір-бірінен өзінің айнадағы бейнесінен симметриялы емес кеңістіктік формасында өзгешеленетін заттар.
Конфигурация деп – молекуладағы атомдардың бір немесе бірнеше жай байланыстардың бойымен айналуынан кейін алынатын айырмашылықтарды ескермей кеңістікте орналасуын айтады.
Хиральдік – деп объектінің өзінің айнадағы бейнесіне ұқсас еместігін айтады.
Абсолютті конфигурация – хиральді элементтің айналасында орынбасарлардың кеңістікте орналасуы.
Диастереомерлер – оптикалық антиподтарға жатпайтын стереоизмерлерді айтады.
Молекуланың конформациясы деп, молекуладағы атомдардың байланыстың бойымен айналу нәтижесінде түзілген күйінің кеңістікте әр түрлі орналасуы.
Конформерлер – конформацияда атомдары аздаған қозғалысынан кейін өздігінен қайтадан бастапқы формаларына келетін молекулалар.
“Бүркелінген” конформация деп атомдары неғұрлым жақын орналасқан (алкандарға сутегі атомы) және тұрақсыз болатын молекуланың конформациясын айтамыз.
“Тежелген” конформация деп атомдар арасының тебілісі неғұрлым төмен болатын және құрақты болатын молекуланың конформациясын айтады.
Ньюмен проекциясы – бұл С-С байланысы бойынша айналуды бейнелейтін формалары, онда фронтальды көміртегі қиылысу нүктесімен, ал тысқары көміртегі дөңгелекпен бейнеленеді.
Валенттік изомерлер – тұрақсыз қосылыстар, ультра күлгін сәуле әсерімен құрамына сәйкес тұрақты қосылысқа айнала алады.
Мысалы: бензол
бензвален бензол бицикло[2,2.0]- гексадиен-2,5 призман.
Сақина- тізбекті изомерия деп қосылыстын ашық тізбекті және тұйық жартылай ацеталды формада болуын айтамыз. Мысалы:
Дәріс№1,2 Кіріспе Орг. химияның негізгі түсініктері. Гибридтену түрлері. Органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатурасы .
Мақсаты : Органикалық химия пәні туралы түсінік беру, органикалық қосылыстардың классификациясымен таныстыру, органикалық қосылыстардағы көміртегінің валенттік күйіне тән гибридтену типтерін қарастыру
Негізгі сұрақтары:
Органикалық химия пәні ,оның негізгі бағыттары
Органикалық қос ылыстар арасындағы көміртегі атомының орны және ерекшелігі
Көміртегі атомының гибридтену типі
Органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатура негіздері
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Органикалық химия - көмірсутектер және құрамына периодтық жүйедегі барлық элементтерге жуығы енетін оның туындыларының химиясы. Бүгінде органикалық химияның жетістіктерін пайд-ланбайтын бір де бір шаруашылық саласы жоқ. Адам-зат қоғамының өмірінде органикалық заттардын алатын орнын ешнәрсемен сәйкестендіру мүмкін емес.
Біздің ғасырымыздан кейінгі бірнеше ондаған жылдарда адамдар түрмысында үлкен молекулалы органикалық заттардың алатын орны ерекше өзгерді. Өндірістерде көптеген синтетикалык смола өндіріле бастады, ал олардың негізінде осы күнде әртүрлі қасиеттері бар және әралуан салада қолданылатын нластмассалар алынды.
Синтетикалық материалдар авиацияда, автомобиль, приборлар жасауда, химия өнеркәсібінде, электротехника мен радиотехника саласында ерекше орын алады. Олардың көптеген түрі органикалық шыны және синтетикалық талшықтар алуда қолданылады.
Алғашқы кездерде пластмассалық материалдар тек металдар немесе басқа заттардың орнын ауыстырушы-лар ретінде ғана пайдаланылса, осы күндері көптеген пластмассалық заттар өте құнды жеке дара материалдар ретінде өз алдына қолданылады. Олардьщ көпшілігіне қасиеттері (температураға беріктігі, химиялық зат-тардың әсеріне аз үшырайтындығы және арзандығы) ертеден пайдаланылып келе жаткан табиғи заттардьщ қасиеттерінен әлдеқайда асып түседі.
Бүгінгі күнгі техника үшін синтетикалық каучук өндірудін. алатын орны ерекше. Біздің елімізде қа-зір синтетикалық каучук өндіріс саласында табиғи каучукті біржола ығыстырып шығарды, бүрын біздің елімізде табиғи каучукты тек шет елдерден сатып алуға мәжбүр болатын. Қазіргі алынып жүрген синтетикалық каучуктердің кептеген қасиеттері табиғи каучуктерден асып түседі.
Өндірістік жолмен алынатын көптеген органикалық заттар ауылшаруашылық саласында мол пайдаланылады. Олардың бастылары:
а) гербицидтер — арам шөптерге қарсы қолданылатын органикалық заттар;
ә) инсектицидтер — зиянкес қүрт-құмырысқаға қарсы пайдаланылатын заттар;
б) фунгицидтер — зиянкес саңырауқүлақтарды жоятын заттар;
в) дефолианттар — есімдіктердің жапырақтарының тез түсуіне әсер ететін заттар; оларды пайдаланудың арқасында, мысалы, мақтаның пісуі және оны машинамен жинауға мүмкіндік туады;
г) десиканттар — өсімдіктерді өсіп түрған жерінде кептіріп алуға әсер етеді;
ғ) органикалық тыңайтқыштар;
ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР АРАСЫНДАҒЫ КӨМІРТЕГІ АТОМЫНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ
Достарыңызбен бөлісу: |