Орхон жазуындағы жәдігерліктер



бет2/3
Дата29.06.2022
өлшемі225,65 Kb.
#147196
1   2   3
Байланысты:
орхон жазуы

Күлтегін жазуы
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жергеОрхон өзенібойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 
«Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөніндеүшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы.
Тоныкөк
Тоныкөк (646-738) — көне түркі қағанатының бас қолбасшысы, қағанабызы (кеңесші). Көк түркілердің ақ сүйектер әулетінен. Жастай Қытай императорлар мектебінде дәріс алған. Одан соң алты—жеті жылдай мемлекет қызметін атқарады. 679 жылғы көтерілісте түркілерді қолдағаныүшін түрмеге отырғызылады. Қандастары арасында зор беделге ие болады. Соны өз мақсаттарына пайдаланбақ болған қытай билеушілерінің арам айласы іске аспай, арнайы тапсырмамен жіберілген Т. келген бетте-ақ көтерілісшілер қатарына қосылады. Әйгілі әскербасы көне дүниенің кемеңгер көсемдерінің бірі болған, Оның терең ойлы сөздерінде зор отансүйгіштік пен көрегендік рух бар.
Тоныкөк (Тоңыұқық) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың біріоғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болыптүркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.
Сол тас жазуда
«Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.
Тоныкөк ескерткіші
Орхон-Енисей мәтіндерінде бірінші жақтан баяндалатын Тоныкөкке арнаған жазулар бар. Қаһармандық оқиғалар жайындағы әңгімелер былайша аяқталады: "Онда мен, ақылгөйдей Тоныкөк, сол жерге жеттім, сырты алтын, ашық күміс, әйелдер және қыздар жамылғылар (кілем) және асыл заттар сансыз көп әкелінді. Менің қағаным ақылгөй Тоныкөктің ой-пікірін тыңдады да айтты... Мен оған ақылдылық ағайын және даңқ ағайын ретінде бағындым".
Білге қаған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет