Орындаған : Оңдасынова Айзара



бет4/4
Дата14.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#127335
1   2   3   4
Байланысты:
15-семинар пед #1

Практикалық бақылау əдістері бейнелеу өнері, технология, дене тəрбиесі,

математика, физика, химия пəндері сабақтарында қолданылады. Жоғары

сыныптарда лабораториялық жұмыстар орындалады. Практикалық бақылау

əдістері белгілі бір практикалық жұмыс іскерліктері мен дағдыларының

қалыптасқандығын тексеру үшін қолданылады.

4

Дидактикалық тест – оқушылардың белгілі бір оқу материалдарын меңгеру

дəрежесін анықтауға арналған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.

Тестіге қойылатын талаптар: валидтілігі, сенімділігі жəне объективтілігі.

Тесттің валидтілігі тест құрастырушы қандай білімдерді анықтауды жəне

өлшеуді жоспарлады, тесттің соларды өлшеуі. Тесттің сенімділігі ұқсас

жағдайларда бірдей нəтижелерді көрсетуімен анықталады. Дұрыс

құрастырылған тест тапсырмалары бірнеше талаптарға сəйкес болуы керек:

- жауапқа көп уақытты қажет етпеуі;

- тапсырманың бір мəнді болуы, əртүрлі түсінуге мүмкіндік бермеуі;

- көпмəнді жауап құрастыру мүмкіндігін бермеуі;

- тапсырманың қысқа жауап беруді қажет етуі жəне т.б.

Тесттерді оқыту мақсатына сəйкес ажыратуға болады. Оқыту мақсатының

төрт таксономиялық категорияларына сəйкес тесттің төрт түрі бар. Тесттің

бірінші түрі оқушының фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды білуін

тексереді. Екінші түрі игерілген білімдер негізіндегі ойлау операцияларын

орындау іскерліктерін тексереді. Үшінші түрі оқығанға өзінше сынай баға беру

іскерлігінің қалыптасуын тексереді. Ал төртінші деңгейдегі тапсырмалар

оқушылардың игерілген білімдер негізінде жаңа нақты жағдайларды шешу

іскерліктерін тексереді.



3

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет