Орындаған: Байниязова А.Қ


 Кафедра меңгерушілеріне міндеттелсін



бет3/5
Дата04.01.2022
өлшемі20,32 Kb.
#109050
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
тапсырма6
4. Кафедра меңгерушілеріне міндеттелсін:

4.1. Жауап беру салалары бойынша ББДМБ іске асыру жоспарының іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету.

4.2. Кафедра мәжілісінде ББДМБ іске асыру жоспарының орындауы туралы мәселелерді енгізу.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Негіздеме:



1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең)

"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең) (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 34, 361-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж.,№ 55,460-құжат).

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет