Түр дегеніміз-биологиялық немесе экологиялық популяциялар түзетін дарақтар жиынтығын айтамыз.
Түр критерийлері дегеніміз-түрлер бір- бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады.
Түр критерийлері:
Морфологиялық
Генетикалық
Физиологиялық
Биохимиялық
Географиялық
Экологиялық
Этологиялық
Морфологиялық критерий
- бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді.
Дегенмен табиғатта морфологиялық жағынан ұқсас болғанымен бір түрге жатпайтын ,хромосомалар жиынтығы әр түрлі бір-бірімен шағылыса алмайтын түр “қосарлары” да кездеседі. Осы уақытқа дейін бір түр деп есептеп келген “безгек масасының” 15 түр қосары табылды.Тек дене тұрқы,реңі т. б. белгілеріне қарап түрлерді анықтау жеткіліксіз.
Генетикалық критерий-әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны ,пішіні,мөлшері болады.Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды.Егер түраралық шағылысу бола қалған жағдайда , олардың тіршілік етуге қабілетсіз гаметалар зиготолар ,ұрықтар және ұрпақтар пайда болады.
Тіпті түраралық шағылысудан жақсы жетіліп туған ұрпақтың өзі ( бие мен әңгі есектің шағылысуынан шыққан қашыр) бедеу ,яғни ұрпақ бермейді.Әрбір түрдің генотипі эволюциялық жолмен дамитын және биологиялық бейімдеушілікті көрсететін күрделі жүйе.
Физиологиялық критерий - бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің ( зат алмасу , көбею , тітіркену және т.б ) ұқсастығын сипаттауға негізделген .
Биохимиялық критерий - нәруызды құрылысы мен құрамын түрліше болуынан түрлер алуан түрлі болады.
Сондықтан биохимиялық критерий жеке топтарында жоғары молекулалы органикалық қосылыстар синтезделетінін анықтайды.
Мысалы: сібір жарасының бацилласында капсулада кездесетін нәруыз бар .Ол басқа бактерияда кездеспейді.
Географиялық критерий-түрдің таралу аймағы анықтайды .Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші ,тұтас немесе оқшау болуы мүмкін .
Этологиялық критерий - организмдердің бір-бірінен мінез- қылығының айырмашылығымен анықталады.Жақын түрлердің мінез- қылығындағы айырмашылықтар, әсіресе жыныстық қатынаста бір- бірімен жақындасып жанасар кезінде байқалады.Мысалы, әр түрлі қимылдар жасап “ күн ойнақ “ салуы , сайрағыш құстардың сайрау кезінде дыбыстарын құбылтауы.
Екі түрдегі қырғауылдардың шағылысу кезіндегі ерекше іс әрекеттері.
Экологиялық критерий- әр түрдің нақты алып жатқан орнын ( мекен ортасын) анықтайды .
Бір түрге жататын даралардың басқа түр дараларынан айырмашылығы қоректенуі мен мекен ететін ортасына байланысты ажыратылады.