3. Оқулықты талдау: мәтіні және мәтіннен тыс компоненттер.
«Қазақстан Республикасы-ның географиясы» курсы екі бөліктен тұрады:
а) Бірінші бөлім – Қазақстан Республикасының географиясы.
Бөлімдері: Кіріспе және Қазақстан аумағын географиялық тұрғыда зерттеу тарихы. Қазақстан тарихына жалпы шолу. Қазақстанның табиғатын қорғау. Туған өлке табиғаты.
б) Екінші бөлім – Қазақстан Республикасы экономиялық және әлеуметтік географиясы. Бөлімдері: Кіріспе. Табиғи ресурстық әлеумет. Қазақстан Республикасың әкімшілік аумақтық бөлшектенуі. Қазақстанның геосаяси жағдайы. Халқы. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік және байланыс. Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның орны. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандары. Өз облысының (туған өлкенің) экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. -
Бөлімдер: Дүние жүзінің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы. Елтану элементтері. Дүние жүзіне аймақтық шолуы.
Жалпы география (табиғатты пайдалану). - Бөлімдері: Кіріспе. Жер табиғатына шолу. Табиғат және өркениет. Табиғатты игерудің аймақтық проблемалары, адамзаттың глобальдық проблемалары, тұжырым.
3. Оқулыққа негізделген тақырыптық карталарға сипаттама беру.
Қартамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:
Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау).
Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру.
Кескін картамен жұмыс жасау. (Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру.)
Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру.
Міне, сонда ғана оқушының география пәніне деген қызығушылығы артып, өз бетінше терең білім алуына жол ашылады.
Географиялық карталардың атқаратын рөлі.
Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
Карта – саяхат, жррықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
Карта – географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |