4. Курс бағдарламасында берілген сарамандық жұмыстар, орындалу принциптері.
11 сынып география пәнінен сарамандық жұмыстар тізімі:
№1 сарамандық жұмыс
1. Қалауы бойынша мектеп атласы біреуіне талдау жасау:
а) атластың библиографиялық көрсеткіштерін (атлластың аты, авторлары, шыққан жері мен жылы) анықтау;
ә) атластың құрылымын (негізгі карталар топтары, олардың орналасу реті) анықтау;
б) қалауы бойынша бір тақырыптық картаның мазмұнына, картографиялық кескінделу әдіс-тәсілдеріне, математикалық негізіне сипаттама беру;
в) картадағы қосымша материалдар жиынтығын (қосымга мәтін, суреттер, сандық көрсеткіштер, географиялық атаулар көрсеткіші) анықтау және оларға баға беру;
г) талдау жасалынған атлас туралы қорытынды жасау.
2. Жалпы географиялық және тақырыптық карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу:
а) қалауы бойынша алынған нүктелердің арасындағы немесе материктердің батыстан-шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қашықтығын градуспен, км-мен өлшеу;
ә) қалауы бойынша алынған нүктелердің немесе географиялық объектілердің географиялық координаталарын анықтау;
б) берілген координаталар бойынша нақты объектілердің географиялық орнын анықтау;
в) орындалатын тапсырмалар негізінде қорытынды жасау.
№2 сарамандық жүұмыс
1. «Геосаясат», «геосаяси жағдайы» туралы түсініктер мен елдің геосаяси жағдайына баға берудің талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар мен жанжал ошақтарына қатысты және т.б.) естеріңе түсіру.
2. Қалауы бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беріп, оның халықаралық жағдайлар әсерінен өзгеру мүмкіндігін сипаттау.
3. Саяси карта бойынша геосаяси жағдайы өте қолайлы немесе қолайсыз елдерді анықтап, олардың тізімін дәптерге жазу.
№3 сарамандық жүұмвс
1. Оқулық мәтіні мен сызбаларды пайдалана отырып, табиғат ресурстардың түрлерін анықтау.
2. Ресурспен қамтамасыз етілу түсінігінің мәнін ашып, дүние жүзі бойынша минералдық, су, жер ресурстарының таралу заңдылығын және осы ресурс түрімен жақсы қамтамасыз етілген елдерді анықтау.
3. Қалауы бойынша төмендегі карталарды талдауға арналған сұрақтар топтамасын анықтау:
- минералдық ресурстар;
- жер ресурстары;
- агроклиматтық ресурстар;
4. Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіру.
№4 сарамандық жұмыс
1. «Еңбек ресурстары», «Экономикалық белсенді халық», «Халықтың жастық-жыныстық құрамы», «Миграция», «Урбандалу» ұғымдарының мағынасын жазу.
2. Төмендегі жоспар бойынша елдер мен аймақтардағы еңбек ресурстарына салыстырмалы сипаттама беру:
а) халықтың саны, табиғи өсуі, ЭБХ-ң үлесі;
ә) жастық-жыныстық құрамы;
б) еңбек ресуртарының шаруашылық салалары бойынша таралуы;
в) мамандардың кәсіптік деңгейі, қалыптасқан еңбек дағдалары;
г) еңбек ресурстары арасындағы айырмашылықтары туралы қорытынды жасау;
3. Елдер мен аймақ халықтарының тарихи қалыптасқан кәсіпшіліктері туралы хабарлама жазу.
№5 сарамандық жұмвыс
1. ҒТР-дың мәні мен мағынасын түсіндіру. Оқулық мәтініндегі сызба бойынша ҒТР-ң құрамдас бөліктерін анықтап, олардың әрқайсысының дүниежүзілік шаруашылық салаларына (өнекәсіп, ауыл шаруашылық, көлік т.б) тигізетін ықпалын нақты мысал келтіру.
2. ҒТР-ң негізгі белгілерін анықтап, олардың дүниежүзілік шаруашылықтағы көріністеріне нақты мысалдар келтуру.
3. ҒТР-ң дүние жүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымына тигізетін әсерін анықтап, бұрын және жаңа игерілген аудандар шаруашылығындағы айырмашылықтарға мысалдар келтіру.
4. ҒТР жағдайында өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы арақатынас неліктен және қалай өзгерді?
5. Жұмыс қорытындыларын кесте түрінде дәптерге түсіру: кестенің 1-ші бөлігіне - өнеркәсіп, 2-ші бөлігіне – ауыл шаруашылығығы, 3-ші бөлігіне – көлік жүйесі дамуындағы ҒТР-ң ролі көрсетіледі.
№6 сарамандық жүмыс
1. Төмендегі жоспар бойынша Ресей Федерациясына қысқаша эконом-географиялық сипаттама беру.
а) елдің эконом-географиялық және геосаяси жағдайы;
ә) табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық баға беру;
б) халқының саны, ұлттық, жас-жыныстық құрамы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, ЭБХ және т.б.
в) шаруашылығына жалпы сипаттама;
г) сыртқы экономикалық байланыстары, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы байланыстар.
2. Ресей экономикасының кейбір көрсеткіштерін картографиялық әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеу:
а) кескін картаға Ресейдің көршілес елдерін белгілеу, аумақтық жанжал ошақтары мен келіспеушілік байқалатын аудандарды белгілеу;
ә) кескің картаға аса маңызды пайдалы қазбалар мен кен орындарын түсіру;
б) кескін картаға ірі өнеркәсіп орталықтарын, экономикалық зоналар мен аймақтарды және көлік жүйелерінің ірі магистральдарын, халықаралық туризм орталықтарын, экологиялық зардап аудандарын түсіру.
3. Ресей Федерациясының эконом-географиялық жағдайын қорытындылау.
№7 сарамандық жұмыс
1. Қосымша әдебтиеттер мен оқулық мәтінін пайдаланып, жоспар бойынша Орта Азия елдерінің біріне сипаттама беру.
2. Салыстырмалы сипаттама қорытындыларын кесте түрінде толтыру, кестеге республикалар аты, табиғат жағдайы мен ресурстарының ерекшеліктері, шаруашылығының мамандану салалары, даму мүмкіндіктері, Қазақстанмен экономикалық байланыстарына байланысты және т.б. мәліметтерді енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |