1. «Сырлы сауалдар» бөлімі
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
2.«Фото сәйкестендіру»
Жауаптары:
1. Эйнштейн, 2. Леонардо да Винчи, 3. Галилей, 4. Ньютон, 5. Коперник,
6. Архимед, 7. Паскаль, 8. Менделеев, 9. Циолковский, 10. Кеплер.
3.Мақал- мәтелдер. Мақалдардың физикалық мағынасын айту қажет.
Мақал –мәтел
|
Физикалық мағынасы.
|
Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді.
|
Диффузия.
|
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен
|
Жылуөткізгіштік.
|
Отқа салса, темірде балқиды.
|
Заттың күйлері.
|
Темірді қызғанда соқ
|
Қатты дененің балқуы
|
Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің
|
Архимед заңы
|
Мақал –мәтел
|
Физикалық мағынасы.
|
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.
|
Заттың күйі
|
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
|
Диффузия
|
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас.
|
Механикалық қозғалыс.
|
Көсеу ұзын болса қол күймес
|
Жылу өткізгіштік
|
Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше
|
Кебу
|
4. «ЖАРНАМА»
Кез келген физикалық ұғым немесе құбылыстың жарнамасын салыңыз.
5. «ОЛАРДЫ НЕ БІРІКТІРДІ?»
Команда капитаны синонимдерді, антонимдерді және түсіндірілетін сөздің мәнін пайдаланып, оның туыстық атын атамай, сөздерді түсіндіруі керек. Команданың қалған оқушылары оларды мүмкіндігінше тез атап, болжамды сөздерді біріктіретін негізгі сөзді табуы керек.
Сөз тіркестері
Жылдамдық
Прибор
Машина
|
Су
Қыс
0 0С
|
Су
Тамшы
Жаз
Температура
Ауа салқындату
Өсімдік
Таң
Ылғалдылық
|
Жауаптары'>Жауаптары: 1. Спидометр, 2. Мұз, 3. Шық
6.«ГРИГОРИ ОСТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ».
1. Петяны ұстап, қатты шайқасаңыз, оның қалтасынан шегелер, пышақ, итергіштер, малтатас, тығындар, қорғасын кесектері мен 144 рубль ақша ұшып кетеді. Мұндай таңғажайып табиғат құбылысының себебі неде?
Жауап: инерция - Петяның қалтасынан шегелер мен басқа заттардың ұшып кетуіне себеп.
2. Қаһарлы жау оның бетін бөксесіне ақырын басып, трибунаны тартты. Салмағы 10 г оқ винтовкадан секіріп, 800 м/с жылдамдықпен жазықсыз жәбірленушіні іздеуге ұмтылды. Ал мылтық 2 м/с жылдамдықпен кері шегінудің нәтижесінде жауды тізе бүктірді. Жауды құлатқан массаны есептеңіз.
Жауап: Қарсылас салмағы 4 кг болатын өз қаруымен тізе бүктірді. Кім бізге кез келген нәрсемен келсе, құлап қалады.
3. Егіз ағайынды Митя мен Витяның массасы бірдей екеніне ешқандай таразысыз қалай сенімді бола аласыз?
Жауап: ағайындылар мектеп дәлізімен бір-біріне қарай бірдей жылдамдықпен жүгірсін. Содан кейін ағайындылардың маңдайларымен соқтығысқан жерінен бірдей қашықтықта ұшып кеткенін жіппен өлшеу керек. Егер иә болса, онда олардың массасы бірдей. Олай болмаса, перзентханада ағайындылардың бірі ауыстырылды деген сөз.
4. Ақылды, қарапайым және әдепті физиктен екі келі шұжықтың ақшасын сұраса, ол шұжық салынған таразыда бір келі ғана көрсетілгенін көрсе, физик бүкіл дүкенге: «Жоқ, кешіріңіз! Сіздің лас шұжықтың салмағы екі емес.» – бір келі ғана!»?
Жауап: ол айқайламайды. Әдепті физик өзін соншалықты өрескел білдірмейді, өйткені ол есінде: тек бір физикалық шама килограмммен көрсетіледі - масса. Салмағы мүлдем басқа мөлшерде - Ньютонмен көрсетіледі.
5. Терезе сыртындағы Петя ағайдың жіп дорбасында ілулі тұрған бір килограмм картопқа қандай ауырлық күші әсер етеді?
Жауап: Терезенің сыртында ілулі тұрған салмағы бір килограмм басқа дене сияқты бұл килограммға 9,8 Ньютонға тең ауырлық күші әсер етеді.
7. Тәжірбиешілер сайысы
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады?
-Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.
-Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.
Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.
«В» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз
Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.
Бетін қағазбен жап.
Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.
Не байқалады?
Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?
Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
Қорытындылау.
Осымен 7 кезеңіміз аяқталды.
Игеріп әлем күшін игілікке,
Физика санамызда тұр биікте.
Ойлап тапқан бәрін де адам миы,
Сондықтанда бас иеміз компьютерге.
Айтамыз көп алғысты сайыскерлерге,
Тамаша кеш сыйлаған бәрімізге.
Рахмет, көрермендер сіздерге де,
Әділқазы айтсын өз шешімін біздергеде!- деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Марапаттау. "Бізді қоршаған физика" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын.
Апталыққа белсене қатысқан сыныптарды, жекелеген оқушыларды марапаттау.Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |