Орындаған: Корганбаева с қабылдаған: Сұлтанбек м туркістан 2024 Жоспар Кіріспе



бет2/4
Дата13.05.2024
өлшемі68,1 Kb.
#202014
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ-2 Корганбаева С пед
Excel for Kazakhstan (Grade 9) Student`s book Jenny Dooley – OKULYK.KZ, Жалпы Технология сабағында көркем еңбекті ұйымдастыру
1. Тәрбие

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.


Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Қоғамдық тәрбие


Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.

Ізгілік тәрбиесі


Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.

2. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері

Тәрбиенің мақсаты – қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру.


Тәрбиенің мақсаты - тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған,әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді.
Тәрбиенің міндеттері:
- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;
- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиенің атқаратын қызметтері:
Аналитикалық, диагностикалық, болжамдау (прогностикалық), жобалаушылық, ұйымдастырушылық, бақылау-бағалаушылық.
Тәрбие мәні:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буынның жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне беруі. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет