Орындаған: Мәден А. Н эссе тақырыбы



Дата07.04.2022
өлшемі20,92 Kb.
#138308
Байланысты:
Статиска ғылымының салалары


Орындаған: Мәден А.Н


Эссе тақырыбы: Статистика ғылымының салалары

Статистика-бұл басқа ғылымдардың ішіндегі ең ерекше ғылыми пән және әлеуметтік ғылымдардың бірі болып табылады. Статистика негізінде ол нақты орынға ие және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық активтер мен процестердің құрылымы мен бөлімін,олардың кеңістікте орналасуын, кезеңдегі қозғалыстарды анықтайды.Оның сапалық жағынан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жағдайын тану қабілеттеріне ие десек те болады. Статистиканың негізгі мақсаты: нақты сандық тәуелсіздікті,заңдар мен тенденцияларды зерттеу болып табылады.


Статистиканың мақсаттары мен міндеттері бар секілді, өзіндік бізге белгілі 8 нақты саласы да бар. Оларға толығырақ тоқталып өтер болсам:

  • статистиканың жалпы теориясы – статистика ғылымының жалпы қағидаларын мен категорияларын, сонымен қатар, әдіснамасын толығымен зерделейтін нақты саласы болып табылады;

  • экономикалық статистика – экономиканың даму үйлесімділіктерін, заңдылықтары мен үрдістерін анықтау мақсаты мен материалдық өндіріс саласындағы қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді сандық тұрғыдан зерттейді;

  • әлеуметтік статистика – бұл бұқаралық әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің даму үрдістері, сонымен қатар заңдылықтарын анықтау мақсатымен, олардың сандық жағын сапалық жағымен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейтін саласы;

  • демографиялық статистика – халық санын, құрамын, олардың орналасуын, қозғалысын, тағы да басқа сол секілді деректерді талдауда статистика әдістерді қолданумен айналысады;

  • халық тұрмысы деңгейінің статистикасы – халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы туралы мәселелерін толық зерттейтін саласы болып табылады;

  • салалық статистика – халық шаруашылығының жекелеген салалары мен қоғамдық өмір саласын толыққанды зерделейтін нақты саласы;

  • қаржы статистикасы – өзі атап тұрғандай қаржы-ақша қатынастарының сандық жағын қаржы ресурстарының үнемі көбейтілуі және де ауыспалы айналымы үдерісінің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыстыра отырып қарастырады;

  • халықаралық статистика – түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, құрылымын, үдерісін зерттейтін саласы болып табылады.

Статистиканың жалпы теориясы көптеген әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды сандық түрде көрсететін кең таралған жалпы белгілерді, ережелер мен заңдарды толық сипаттайтын ғылымның негізі болып табылады.Статистиканың жалпы теориясының маңызды бөлімдері: нақты, салыстырмалы, орташа мәндер, статистикалық бақылау,өзгергіштік көрсеткіштері,индекс,динамика қатарлары, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын толық статистикалық тану. Бұл салада статистикалық ғылымның категориялары жалпы статистикалық маңызы бар түсініктемелермен өңделеді:заңдылық, индикатор, орташа мән,белгі және т. б.
Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді,сондай-ақ әлеуметтік өндіріс салалары мен олардың элементтерінің құрылымын, пропорцияларын, өзара байланысын толық анықтайды. Экономикалық статистикада салалық тұрғыдан зерттелетін объектілер: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс кешендері болып табылады.
Әлеуметтік-демографиялық статистика-халықты сипаттайтын әлеуметтік процестер мен құбылыстарды, сондай-ақ адамдардың өмір сүру жағдайларын, олардың еңбек процесінде және өндірістік қызметтен тыс қарым-қатынастарын зерттейді. Оның басты мақсаты-адамдардың өмір сүруінің және әлеуметтік жағдайының әртүрлі аспектілерін зерттеу.
Статистиканың үшінші деңгейі экономикалық статистика құрамындағы макроэкономикалық статистиканы және экономиканың бұрын аталған салаларының статистикасын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-демографиялық статистиканың құрамына халық статистикасы,халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы, мәдениет статистикасы, қоғамдық пікір статистикасы, саяси статистика және басқа да салалар кіреді.
Қорытындылай келе, мен жоғарыда біріншіден статистиканың қандай ғылым екендігін, нені зерттейтіндігін, сонымен қатар тақырыпқа сәйкес статистика ғылымының өзіндік салалары мен олардың мәні туралы ашып көрсеттім. Әрбір салалық статистика - бұл нақты саладағы санды өзгерістер туралы ғылым түрі. Сонымен қоса, оның негізгі міндеті – осы саланың көрсеткіштерін өңдеу болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет