«Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе — оқу мен білім мәселесі.
Бұл кезде қыпшақ даласында адамның сана-сезіміне жарық сәуле құятын оқу-білімді, ғылымды көкке көтере мадақтап, білімді адамдарды, ғүлама-ғалымдарды қүрметтеп жырға қосудың өзі зор азаматтық ерлік іске тең еді.
Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт — көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Автор ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қояды. Сөйтіп, ақын ғалым, бақыт жолын өнер- білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қараңғы түнекке душар болады деген пікірге келеді. Автор дастанның өзге тарауларындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық секілді басқа мәселелерді де осы оқу-білімнің құдіретті күшімен байланыстырып, кез келген түйінді оқу-білім арқылы шешуге әрекет жасайды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, Ахмед Иүгінеки өз заманының прогрессивті ақыны, әрі білімді азаматы ретінде адам бойындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық, қарапайым- дылык, секілді ізгі қасиеттерді барынша мадақтайды: ал енді надандық, қатігездік, сараңдық, тәкаппарлық тәрізді мінез-қүлықтардан сақтандырады.
Ақын мінез-құлық нормалары жөніндегі өзінің философиялық-этикалық пікірлерін оқушысына ғибрат сөз ретінде ұсынады.
Ахмед Иүгінеки — әрбір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады.