Еңбекті ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі еңбекті нормалау болып табылады. Еңбекті нормалаудың негізгі мақсаттарының бірі - қажетті еңбек шығындары мен нәтижелерін анықгау. Шығындар мен нәтижелер өндіріс пен басқарудың, еңбекті ұйымдастырудың айтарлықтай тиімді нұсқаларымен сәйкес келуі керек.
Кәсіпорында еңбекті нормалау өнімнің жоспарлы еңбек сыйымдылығын анықтауға, қажетті жұмыскерлер санын есептеуге, еңбек нәтижелерін бағалауға, материалдық ынталандыру мен жалақы қорын белгілеуге жэне т.с.с. мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |