Қорытынды аттестаттау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет16/99
Дата03.06.2022
өлшемі2,96 Mb.
#145901
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР

 
Ә – мәтіні 
(мақаладан үзінді)
 
Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене 
танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тыныс-
тіршілігін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен-орнын, пайдасы мен 
зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен үндес» екендігін аңғарып, 
олардың аталығын, аналығын және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына 
ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған немесе 
«кесірі тиеді», «киесі ұрады» деп есептеген. Мысалы, жыланды «қыбыр», 
«ұзынқұрт» деп, ал қасқырды «ит-құс», «бөрі», «ұлыма» деп атаған.
Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар балалаған кезде, 
құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды 
ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен 
қамқорлық пен табиғатқа деген жанашырлықты көрсетеді.
(Рысбай Сәтімбекұлы) 
Тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғат – адамзатқа 
аманат
» 
деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы 
қажет. [20]
 
 


17 
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі арнайы ұйымдар үшін) 
Нұсқа №2 
 
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
 
А мәтіні 
(ғаламтор материалы)
 
Табиғи ресурстар - ел байлығы 
 
Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның да табиғи ортасы табиғат 
жағдайы мен табиғат ресурстарынан тұрады. 
Табиғат ресурстары - бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор. 
Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы 
қазбалар, жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі - табиғат 
ресурстарын құрайды. 
Су ресурстары. Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі 
таралмаған. 
Жер ресурсы. Қазақстанның жер ресурсы орасан зор, оның жалпы көлемі 
270,1 млн га-ды құрайды. 
Биологиялық ресурстар. Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен 
ерекшеленеді. Еліміздегі өсімдіктердің 5700 дей түрі кездеседі, оның 14% тек 
Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. 
Республика аумағы орманға өте тапшы. Орман алқабы бар болғаны- 13 
млн.га. Қазақстан орманының басым бөлігі - сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді 
аумақтарда өседі. Қылқан жапырақты ормандар Тянь-Шань, Жонғар Алатауы
Алтай тауларында кездеседі. 
Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, 
бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар. Қазақстанның 
табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары және шаруашылықтың 
өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор. 
Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау, еліміздің табиғат 
байлықтарын сақтау, яғни табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды 
пайдалану - әрбір азаматтың міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет