«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



Дата06.02.2022
өлшемі63,74 Kb.
#82011
Байланысты:
мнемотехника


«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы


Өзіндік жұмыс




Мектепке дейінгі жастағы баланы әңгімелеуге үйретуде мнемотехника әдістерін қолдану

Тыңдаушы: Абилова Гаухар Умитбековна
Қ.Нұржанов атындағы ЖБОМ
шағын орталық тәрбиешісі


Жетекші: Жеткенбаева Р.Т.

Жұмысты өткізу мерзімі: 22.10.2015ж.


Қарағанды 2015
Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу - бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес:
-сөздік қорының кемдігі;
-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
-дыбыстау кемшілігі;
-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?
Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Мнемотехника – ақпаратты қабылдау мен оны есте сақтаудың әдістемелік жүйесі. Мнемотехника немесе мнемоника жатталуы керек ақпараттың орнын ойша реттеу, және ассоциация арқылы оларды бір-бірімен жалғау. Ақпараттарды орналастыру мен оларды байланыстыру үшін адамның ойлану (айрықша ойлану), қиялдау, назар салу қабілеттері қолданылады.
Мнемотехниканың құнды қасиеттерінің бірі онымен танысқаннан кейін оны бірден қолданып кете берсеңіз болады. Оның негізгі ілімін үйренсеңіз қатты ұзын емес сандар немесе сөздер тізбегін жаттай алу қабілетіне ие боласыз. Алайда, бұл қабілет кейде жаңа бастап келе жатқандарға кесірін тигізіп жатады. Мнемотехниканың тек бастапқы қадамдарын игерсе де, оның барлық егжей-тегжейлерін үйренген адамдай сезінеді. Алайда, қабілеттерінің ең керекті шақтарында қолдана алмай қалады. Себебі, жаңадан бастап келе жатқан көп адамға мнемотехниканың қолданыс тәжірибесі жетіспейді. Ассоциялау әдістерін білетін сияқты, бірақ ақпараттарды жаттай алмайды. Ондай жағдайлар болмас үшін жаттау тәсілдерін қолдануды тұрақты түрде жаттықтырып, әдет дәрежесіне дейін жеткізу керек.
Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:
- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/
- «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.
- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б/-.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. 
Оны біз қолданатын кезіміз:
Сөздік қорын байыту үшін
Әнгіме құруға ұйретуге 
Көркем әдебиетті мазмұндауда
Жұмбақ жасыру және шешуде 
Өлең жаттауда 
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:
Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.
Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш,шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.
«Күз» тақырыбына бейнелеген суреттер:
Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.
Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз. 
Балалармен бірге ""Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық. 
Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады. Әңгіме барысын, Әңгіменің айтылу кезеңін. Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.
Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет