Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



бет15/52
Дата10.04.2022
өлшемі3,2 Mb.
#138715
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып.
лекция 8, 1545510591, Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов, 22.01 Вебинар, ашық сабақ 2, my school 011, Анталия, section by section physics kz, Лингвоконцептология диплом, фрезеологизмдер, 313978.pptx 2, Булшык еттер, 17.01 6 сынып, Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар
Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы



Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.1.9 -фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы туралы біледі

Құндылықтарға баулу

Құндылықтар:
-өзгенің еңбегін құрметтеу
-патриотизм
-ұлттық сана-сезім
-ынтымақтастық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты
ру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Ой шақыру:
Сабақтың басында мұғалім:
- оқушының назарын тақырыпқа аудару;
« Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең ...» Абай

«Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді»


Г.Н.Потанин
сөздері талқылауға ұсынылады.
- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары анықталады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Мұғалім презентациясы

Жаңа білім

Зерттеу сұрақтары:

  • Қазақ халқының әдеби және музыкалық жәдігерлерінің құндылығы неде?

  • Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениетінің ерекшелігі неде?

БЫМ. Сабақтың бастапқы бөлігінде халық ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы және күйлерден үзіндіні ұсыныңыз. Келесі сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырыңыз:

  • Бұл шығармаларды бұрын естідіңіз бе? Оларбізге қандай ақпарат береді? Тарих ғылымы үшін әдеби және музыкалық мұраның маңызы бар ма? Болса, неліктен?

Зерттеу және талдау
Төмендегі әдеби мұра салаларынан шығармаларды дерек ретінде пайдалану арқылы дәлел келтіреді, тақырып мазмұнын ашады:
- Ауыз әдебиеті жырлары;
- Жыраулар поэзиясы;
- Мақал-мәтелдер;
- Ертегілер;
- Айтыс өнері шығармалары.
Тапсырма:
1 Әдеби және музыкалық шығармалардағы батырлық, ерлік көріністері
2 Мемлекеттілік, елді басқару, тәуелсіздік жолындағы күрестері
3.Қазақ халқының тұрмыс-салты, шаруашылығы
4.Діни наным-сенімдері

Б «Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы қалай бір-бірімен үндестік табады?» сұрағын талқылап, келесі цитаталарды оқуға беріңіз:


1)«Әнші тері тулақтың үстінде жайғасып отырып, домбырасының шегін қаға бастады. Шектің баяу дірілі, орындаушыға жақындай түскен адамдардың қозғалыс дыбыстары, домбыраның күмбірлеген, қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер етті. Мұндай қарапайым әуенге қаншама поэзия сыйып жатыр. Қолдан істеген екі ішекті домбырада мұншама нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім. Егер де, мына қарапайым, жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!» А.Алекторов
2) «Күйлер халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл — осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді. Мұндай дәрежеге жетісу үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасынын ең жоғарғы түрінің үлгілері деп білуіміз керек…» Қ. Жұбанов
3) «Ат жалында, түйе қомында» домбыраның үні арқылы сан-сиқырлы ойлар мен толғаныстар күмбірлеп, сөйлегендей…»
А. Жұбанов
4) «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй.»
М. Әуезов
Осы цитаталарды оқып, содан соң қазақтың бір күйін (мысалы, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі немесе күйтартыстардан) тыңдатыңыз. Цитаталардан және күйді тыңдаудан алған әсері негізінде қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері туралы ой-толғау жазуға тапсырма беріңіз. Тақырып: «Дәстүрлі музыка өнерінің қазақ тарихындағы алатын орны қандай?»
Қазақ халқының рухани мұрасының тәрбиелік мәні қандай? Оларда қандай құндылықтар дәріптеледі?

Мәтінмен жұмыс
Оқушылар
мәтіннің негізгі идеясын ашады,халқының ауызша сақталған тарихи мұраларын сипаттайды;

Оқушылар қазақ халқының дәстүрлі муыкалық аспаптарына сипаттайды;


Оқушылар ұғымдардың мағынасын анықтайды;
Дескриптор:
- Ұлттық ойындардың маңызына талдау жасайды;
Этноғылым саласына анықтама береді;
шығармалардан мысал келтіріп,
Оқушылар шығармадағы құндылықтарды көрсетеді..

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Критерийлер:


Деректе айтылған тарихи үдеріс/ оқиға туралы бұрынғы біліміңізді пайдалана отырып, мазмұнын бес сөйлеммен айтып беріңіз;
Бұл дерек тарихи үдеріс/ оқиға туралы қандай ақпарат береді?
Бұл ақпараттың сол кезең туралы тарихи дерек ретінде маңызы қандай?
Дерек көзі сенімді ме? Автордың пікіріне қаншалықты келісесіз? (өз ойын негіздеу үшін басқа дерек көздеріне сілтеме көрсету, дәлелдеу);
Ауыз әдебиеті жырларынан, жыраулар поэзиясынан, мақал-мәтелдер, ертегілерден, айтыс өнері шығармаларының барлығынан кемінде 1-2 дәлел (шығармадан үзінді) келтіру

https://www.youtube.com/watch?v=chjCd32s5Ls Қазақтың айтыс өнері

https://www.youtube.com/watch?v=LMSqIOUad_0 Бұқар жырау


Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991. – 288б.

Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы: монография. 3-т. - Шымкент, 2007. - 392 б


Бекіту

Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
«Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы» Эссе

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

«Бұл сабақты оқып, мен…»
Білмеймін .......
Білемін .....
Түсінемін .....
Түсінемін және қолдана аламын ....
Басқа біреуді үйрете аламын .....



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет