63-кесте. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардағы «Қазақ тілі» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
-
|
Пәні
|
Сыныбы
|
БЖБ саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
1
|
Қазақ тілі
|
10
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Қазақ тілі
|
11
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
2021-2022 оқу жылының ерекшелігі өткен оқу жылдарындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толықтыру және жаңа оқу жылындағы оқу бағдарламасының меңгерілуін қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау үшін төмендегі жұмыс реті ұсынылады.
2021-2022 оқу жылында оқушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылындағы
бағдарламалық мақсаттардың меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті
(әрбір пән мұғалімі үшін)
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)
|
1
|
Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша
әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу
|
2
|
Оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты
меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі
|
Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)
|
3
|
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу
мақсаттарын анықтау
|
4
|
Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып
келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.
|
5
|
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен
оқу мақсаттарын анықтау
|
6
|
Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін
жасау және топтастыру
|
7
|
Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестесін
жасау
|
8
|
Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа
тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу
|
9
|
Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру
кестелерін жоспарлау принциптері:
жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;
жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;
II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;
жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер
|
10
|
Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
|
11
|
Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
|
12
|
Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
|
13
|
Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау
|
14
|
Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):
қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.
|
Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)
|
15
|
Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ
жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
|
16
|
Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол
жеткізу
|
17
|
Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың
біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу
|
18
|
Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын
толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
|
19
|
Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы
оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру
|
20
|
Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:
диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін; тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;
оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау
|
Осы реттілікпен 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкес келетін оқу мақсаттарын анықтау қажет.
«Қазақ тілі» пәні бойынша 10-сынып білім алушыларының 9-сыныптағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында сол сыныптағы күрделі оқу мақсаттарын кіріктіре отырып меңгерту ұсынылады. Ол үшін мұғалім 9-сыныптағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізуі тиіс.
9-сыныптың оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың күрделілік реті анықталады. Мысалы, қандай да бір оқу мақсатын меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып ең күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі.
Осы олқылықтардың орнын толықтыру үшін төмендегі жұмыс түрлерін ұйымдастыру ұсынылады.
Алдын ала кеңес топтарын құру
|
Жексенбілік кеңес топтарын құру
|
Каникул күндеріндегі кеңес топтарын құру
|
Топта оқушы саны 15- тен артпайды
Олқылықты толықтыру мақсаттарын кіріктіру
Кеңес беруді КТЖ-ның алдындағы күні өткізу ұсынылады
|
Топта оқушы саны 15-тен артпайды
Олқылықты толықтыру мақсаттарын кіріктіру
КТЖ бойынша бір апта бұрын өткізу ұсынылады
Алдыңғы аптада өткізілетін оқу мақсаттарына дайындық жүргізіледі
|
Топта оқушы саны 15-тен артпайды
Олқылықты толықтыру мақсаттарын кіріктіру
КТЖ бойынша келесі тоқсанда өтілетін мақсаттарға дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
|
«Қазақ тілі» пәні бойынша 10-сынып білім алушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында төменде берілген оқу мақсаттарын қайта меңгерту ұсынылады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша 10-сынып білім алушыларының білімінде орын алған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында 9-сыныпта өткен оқу мақсаттарын 10-сыныптағы оқу мақсаттарымен кіріктіріп меңгерту ұсынылады.
Тыңдалым және айтылым
|
9-сынып
|
10-сынып
|
әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш
құралдардың рөлін талдау
|
көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
Оқылым
|
әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
|
әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра
талдау
|
Жазылым
|
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)
|
1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
|
11-сынып білім алушыларының білімінде орын алған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында 10-сыныпта өткен оқу мақсаттарын 10- сыныптағы оқу мақсаттарымен кіріктіріп меңгерту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |