Орта білім беру



бет157/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
«Өзін-өзі тану» оқу пәні
Біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болмыстың физикалық, психикалық және рухани аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін нақтылайды.
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың рухани- адамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді игеруі; оқушылардың сенімдерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің логикалық құрылымының мазмұны:

  1. сүйіспеншілік, денсаулық, еркіндік, бақыт, ар-ұждан, еңбек, тән мен рух үйлесімі, өмірдің мақсаты, адамның тағдыры, ой мен сөз және істің бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы өзін-өзі тануға;

  2. отбасы, достық, қарым-қатынас, сенім, сыйластық, теңдік, сұхбат, өзара түсіністік, ынтымақтастық тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы өзге адамдарды тануға;

  3. табиғат, Отан, өмір, қоршаған әлеммен үйлесімдік; сенім, үміт тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы әлемді тануға;

  4. ақиқат, шығармашылық, мәдениет, адамзаттың ортақ үйі ретіндегі жер, адамзаттың бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы адамзаттың рухани

тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі арқылы анықталады.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-11-сыныптардағы базалық мазмұны төрт негізгі тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы өмір», «Адамзат әлемі».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды шарты сабақта оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру болып табылады.
«Таным жолында» атты бірінші тараудың тақырыптары оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік бірегейлігін ұғыну мақсатын көздейді. Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға, тұлғаны жетілдіру жолдарына, идеалды іздеу, мінез-құлықты тәрбиелеу, жауапкершілік, намыс пен абырой тәрізді қасиеттерін дамыту қажеттілігі туралы сөз қозғалады. Бағдарламада оқушылардың адамның ішкі әлемі, тұлғалық қасиеттерінің жан-жақтылығы, өмірлік ұстанымы, өзіне сенімі, сезімі сияқты ұғымдардың мәнін түсінуіне мүмкіндік беріледі. Адамның шыдамдылығы, көңіл-күйін басқара білуі тәрізді жағымды жағынан көрінуі қарастырылады. Бағдарламада сонымен қатар адамның діни наным-сенімінің бостандығы және басқа адамдардың діни сезімдерін құрметтеп, төзімділік таныту мәселелеріне де назар аударылған.
«Тұлғаның қалыптасуы» тарауының тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын олардың әлемге ашық бола білу, әлемді тану мен түсіну және әлемде жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту арқылы кеңейту көзделген. Бағдарламада адамның ішкі әлемі, оның шынайы бейнесі, тұлғаның рухани кемелденуі тәрізді мәселелердің тереңдігін ашу мүмкіндігі берілген.
«Қоғамдағы өмір» атты үшінші тараудың тақырыптық жоспары оқушылардың жағымды ойлау дағдылары мен адамдар арасындағы қарым- қатынас барысында туындайтын этикалық өмірлік қайшылықтарға саналы түрде, байыппен қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоғары сынып оқушыларына есею кезеңіне қадам басқан және өз жақындары, сыныптастарының ғана емес, сонымен бірге болашақ курстастары мен жұмыстағы әріптестерінің ортасында да ғибратты жағдай қалыптастыруда жауапкершілік шегін сезінетін адам тұрғысынан отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы рөлі туралы өз көзқарасын реттеуіне тура келеді. Тарауда бағдарлама бойынша оқушылардың қоғамға қызмет етуі, тең дәрежелілік пен әділдік туралы, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рөлі туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның өзіндік қалыптасуы, дүниетаным тәрізді ұғымдармен танысуы көзделген.
«Адамзат әлемі» атты төртінші тарауда оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына ізгілікті қатынасын дамытуға, өздерінің адамдық болмысы мен ақиқатқа жетудің өзіндік жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Бұл тараудың бағдарламасын зерделеу жоғарғы сынып оқушыларының басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның жоғары басымдықтарға ие екендігін терең ұғынуы арқылы жүзеге асырылатындығы пайымдалады. Бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті шарты ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы оқушылардың түсініктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі тану курсының қорытынды бөлімі болып табылады және әр оқушының ұлан-байтақ өмірлік кеңістіктегі өз рөлін, адамзаттың тұрмыстық міндеттерін атқарудағы алатын өзіндік орнын және әркімнің еңбегіне, дарынына және шығармашылығына сұраныс болатындай болашақты құруды ұғына алуларына бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына адам үшін маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына көмегін тигізеді.
10-11-сыныптардың игеруіне ұсынылып отырған бағдарламаның өзгешелігі бұрын оқығандарын жинақтауға бағытталған, үлкен өмірге аяқ басқан орта мектеп түлегіне қажетті жиынтық болып табылатын құзыреттілігін одан әрі дамыту мен орнықтыруды мақсат ете отырып, оқушылардың басты жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету болып табылады.
Мұғалім сабақ барысында, оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдану арқылы мұғалім мен оқушының арасында сенімділік атмосферасын құрады.

  1. сыныпты бітірген соң білім алушы адам өміріндегі жалпыадамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын және арақатынасын түсінеді; жағымды қарым-қатынас мәдениетін біледі және күнделікті өмірде іс жүзінде көрсете алады; өзінің және басқа адамдардың көзқарас, пікірлері мен қылықтарын талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады; отбасындағы жағымды қарым-қатынас құндылығын, отбасын құру жауапкершілігін сезінеді; өмірдің мәнін түсінуге ұмтылады; өзінің жеке уақытын өзі және қоғам үшін тиімді ұйымдастыра алады; әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады; өз пікірі мен көзқарастарын еркін, дәйекті түрде жеткізіп, негіздей алады, өзінің пікірінен алшақ пікірлерге төзімділік таныта алады; қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады; өзінің азаматтық ұстанымын қорғайды; басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, адамның қоғамдағы орны мен оның жеке қасиеттеріне қатыссыз құрмет пен төзімділік танытады.

  2. сыныпты бітірген соң білім алушы адам үшін жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік құндылықтардың маңызын түсінеді; өзара адами

қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі; командада еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мәртебесін анықтай алады; адам өміріндегі отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі болашағын сезіне алады; өзінің мінез-құлқын, эмоцияларын басқара алады; эстетикалық талғамға, жақсы әдеттерге ие,жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдаланады; өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді; қоршаған әлеммен үйлесімді қатынас құруға ұмтылады; өзінің ұстанымдары мен нанымдарын қорғай алады; қиянат жасау мен қатыгездікке қарсы тұрады; отбасында, ұжымда денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау және қолдау үшін білімдері мен іскерліктерін қолданады; өзін-өзі жетілдіру үшін өмірлік жағдаяттарды шығармашылықпен және тиімді пайдалана алады; өзін-өзі қалыптастыруға ұмтылады; жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, өмірлік әртүрлі жағдаяттарда жауапты шешімдер қабылдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет